Күй тыңдап, күйіс қайырған
Сауған кезде күйтабақтан саз ойнатып қойса, сиырдың сүтті әдеттегіден көп беретіні ғылымда баяғыда дәлелденген. Осы тәсіл таяуда Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы шаруашылыққа келіп жетті.
Мажар елінде Моцарттың музыкасымен «сусындаған» асылтұқымды сиырлар енді қазақ жерінде Құрманғазының күйлеріне құлақ үйретіп жатыр. «Күніне үш мезгіл Құрманғазының күйлерін жібереміз. Одан бөлек, Динаның күйлерін ойнатамыз. Бүгінгі орындаушылардан Асылбек Еңсепов пен «Ұлытаудың» шығармаларын қойып, репертуарды жаңалап жатырмыз» – дейді Қазалы ауданының мал дәрігерлері.
Күй тыңдап, күйіс қайырған сиырдың сүті молайып жатса, жақсы жаңалық жерде қалмасы анық.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу