"Маған айтпай ажырасқан". Бұрынғы әйелі Қайрат Сатыбалдыұлымен өмірі туралы айтты

"Маған айтпай ажырасқан". Бұрынғы әйелі Қайрат Сатыбалдыұлымен өмірі туралы айтты

Сотта Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі - Гүлмира Сатыбалдыдан жауап алу басталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Ол адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталған, ал екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алу туралы мәлімдеді.

 

Бүгін сотта күдіктілерден жауап алу басталды. Гүлмира Сатыбалдыға алдымен адвокаттары сұрақ қойды.

 

Оған бұрынғы күйеуінен қолдау болды ма деген сұрақ қойылды.

 

"Қайрат Сатыбалды екеуміздің ажырасқанымызға 20 жыл болды. 2002 жылы желтоқсанда бөлек кеттік. Мен ол кезде мемлекеттік органдарда жұмыс істедім, декларация тапсыруым керек еді. Қайрат маған айтпай ажырасып алған. Содан мен балалармен кеттім. Міне, ашық әңгіме. Менің оған ешқандай шағымым жоқ. Қайрат Сатыбалды Тұңғыш Президенттің немере інісі, бәрі оның алдында жүгіреді. Мен әрқашан екінші орында болдым. Оның үстіне мен көпбалалы отбасынан шыққанмын. Ата-анамның 10 баласы болды. Мен жетінші баламын. Сондықтан Қайраттай жігітке тұрмысқа шыққаныма қуандым. Одан үш баланы дүниеге әкелдім", - деді Сатыбалды.

 

Сотталушы Қайрат Сатыбалдыұлымен ажырасқаннан кейін мемлекеттік органдарда жұмыс істегенін айтты.

 

"2002 жылы мен ажырастым. ОСК-ға маман болып жұмысқа орналастым, кейін Конституциялық кеңеске, кейін Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, Білім министрлігіне ауыстым. Одан кейін Америкаға кеттім. Мен Қайрат Сатыбалдымен араласпадым деп айтпаймын. Мен онымен сөйлесіп, талап еттім. Ол әке ретінде балаларын лайықты қамтамасыз етті. Оқу мен пәтер ақысын төледі, үш бала да Америкада мектеп бітірді, Қазақстанда жоғары білім алды", - деп қосты әйел.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста