«Маған біреулер қысым көрсете бастады» - Азаматхан Әміртай

«Маған біреулер қысым көрсете бастады» - Азаматхан Әміртай

Қоғам белсендісі әрі «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының төрағасы Азаматхан Әміртай өзіне біреулердің қысым жасап жатқанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Азаматхан Әміртайдың айтуынша, белгісіз біреулер балаларына телефон соғып қорқытқан. 

«Достар, маған қысым көрсетіле бастады.
Бұл адамдар не үшін балаларыма телефон соғып қорқытады? Кеше Президент Тоқаев көппартиялы мемлекет боламыз, өзге партиялардың құрылуына рұқсат береміз деп еді. Ал бүгін ең жаман әдіспен қысым жасап жатыр. Бұл дұрыс па? Қорқытқылары келсе, тікелей маған шықпай ма? Партия құрайын деп жатқан балаларым емес, мен ғой. Ондай қысым жасағаннан қандай жеңіске жетеміз деп ойлайды екен? Партия құрылмайтын болса ең бірінші мемлекет жеңіледі», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында. 

Сондай-ақ ол мұндай қорқытулардың партия құру туралы ойынан бас тартқыза алмайтынын айтқан.

«Біздің мақсат - экологиялық партия құру. Мұндай партия мемлекетке ауадай қажет. Мені тоқтатса да, біз көппіз. Халық пен жер игілігіне қызмет ететін идеяны ары қарай жылжытып, өрбітетін өзге де жігіттер бар. Сондықтан, бекерге әуре болмаңыздар, қалай болса да біз экопартия құрамыз!

Мен өзім де бұл қызметті бұдан кейін де жүргізе беремін. Әлі қайтпаймыз!!! Біздің ерік-жігерді ондай арзан әдіспен басу мүмкін емес. ЭкоПартия қырғыздарда, өзбектерде, орыстарда да бар.

Ал біздің елде не үшін болмауы керек?», - деп атап өткен. 

Қоғам белсендісі соңғы жазбасында балаларына телефон шалып қорқытқан жағдайды Президент әкімшілігіне, Біріккен Ұлттар Ұйымына жеткізгенін жазыпты. 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста