Майдан журналистикасына қатысты қос кітап студенттерге таныстырылды

Майдан журналистикасына қатысты қос кітап студенттерге таныстырылды

Кеше Алматыдағы Халықаралық бизнес университетінде Орталық Азия баспасөз үйірмесінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған кездесу өтті. Онда Журналистер академиясының президенті, тарих ғылымының докторы Сағымбай Қозыбаевтың «Опаленная войной. Казахская фронтовая печать» тарихи-публицистикалық кітабы мен ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымының докторы Рахман Алшанов құрастырып шығарған «Отанды қорғауда» басылымының кітапқа топтастырылған нұсқасы студенттер қауымына таныстырылды.

«Отанды қорғауда» – соғыстың Ленинградты қорғау кезеңінде дүниеге келген майдан баспасөзі. Оның алғашқы нөмірі 1942 жылдың 6 қарашасы күні жарық көрді. Тарихшылардың айтуынша, қоршауда қалған батыр қала Ленинградты азат етуге қатысқан жауынгерлердің үштен бірі қазақтар болатын. Сол себепті орыс тіліндегі «На страже Родины» газетінің жанынан оның қазақша нұсқасы шыға бастайды. Ұлы Жеңіске дейінгі аралықта сұрапыл соғыстағы барлық қазақ жауынгеріне рух берген басылым бүгінде отандастарымыздың ерлік ғұмырының құнды шежіресіне айналды. Бұл газеттің беттерінде оқ жауған аспан астындағы әскерлердің қайрат-жігері, туған ауылдарына деген сағынышы, жауынгерлік кезеңнің басқа да жариялы-құпиялы сәттері көрініс тапты. Майдан даласында түсірілген фотосуреттердің құндылығы – өз алдына бөлек әңгіме. Соғыс кейінгі ұрпақ үшін тарих қана болғанымен, сол кездегі адамзат үшін аумалы-төкпелі ауыр жағдай еді. Соған қарамастан, осы майдан баспасөзі бас редакторының орынбасары, академик Түймебай Әшімбаевтың жұбайы газет тігіндісін ұзақ жылдар бойы көздің қарашығындай сақтап, бүгінге жеткізген. Бұл – құнды жәдігердің жалғыз данасы. Әшімбаевтар отбасынан алынып, Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін рухани дүниелер қорына тапсырылған ескі газеттерді профессор Рахман Алшанов шашауын шығармай топтастырып, хронологиялық тәртіп бойынша түптеп, энциклопедиялық жинақ етіп шығарды. Осы кездесуде тарихшы Сағымбай Қозыбаевтың қазақтың майдан журналистикасына қатысты жаңа зерттеуі де жария етілді. Еңбек Диқан Әбілев, Түймебай Әшімбаев, Қалижан Бекхожин, Федор Боярский, Баубек Бұлқышев, Мұса Дінішев, Әбу Сәрсенбаев, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы сынды майдан қаламгерлері атқарған журналистік жұмысты саралайды. Бұл құнды екі кітапты Халықаралық бизнес университетінің студенттері енді өз кітапханаларынан алып оқитын болады.

Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ, Журналистер академиясының президенті, тарих ғылымының докторы:
– Соғыс жылдары барлығы 20-ға жуық басылым қазақ тілінде жарық көрді. Газеттер 5-6 жауынгерге бір-бірден тиді. Майдан баспасөзі түрлі себеппен сақталмай, бізге жетпеді. Ең алдымен, олар  ақпараттық насихат құралы болғандықтан, көбіне «оқы да, басқаларға бер» немесе «оқы да, өрте» деген қағиданы ұстанды. Өйткені қарсыластар нақты деректерге толы бұл газеттердегі ақпаратты өз пайдаларына шешуі әбден мүмкін еді. Сол себепті әскерлеріміз газеттерді оқып болып, махорка орауға пайдаланды. Ал майдан журналистеріне келсек, Орталық Азия аумағында барлығы 200-ге жуық қаламгер болса, оның 74-і қазақ еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста