"Мал үшін бұдан 3 есе артық береді": Қазақстандықтар "Тальгода" қыз зорлағандарға кесілген үкімге наразы

"Мал үшін бұдан 3 есе артық береді": Қазақстандықтар "Тальгода" қыз зорлағандарға кесілген үкімге наразы

Қазақстандықтар "Тальгода" қыз зорлағандарға кесілген үкімге наразы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматыда тұратын музыкант және блогер Александр Цой желідегі парақшасында "Тұлпар-Тальго" жолаушысын зорлаған жолсеріктерге қатысты шығарылған үкімге наразылығын білдірді. Ол қылмыскерлерге мейлінше көп уақыт беруді талап еткен. Алайда, зорлықшыларды үш жылға жетер-жетпес уақытқа ғана соттап, біз зардап шегуші әйелге әділетсіздік жасадық дейді Александр Цой.

"Топтық зорлау - қазіргі қоғамның ең жиіркенішті қылмыстарының бірі. Зорлайтын адамдарды, әсіресе топпен зорлайтындарды еркіндікте де, қамауда да ешкім сыйламайды. Тек Қазақстанның сот жүйесінде ғана оларға сыйластық танытады. Өйткені зорлықшылардың бірін 2,5 жылға, енді бірін 2,3 жылға ғана қамауға алды. Егер зардап шеккен әйел зорлаған адамдардың бір жерін жарақаттап алатын болса, оны көп жылға соттар еді", - дейді Александр Цой.

Зорлау ісі топтыққа жатқызылмаған. Өйткені зардап шегушіні Құрманиязов пен Үмбетәлиев бір уақытта емес, кезекпен зорлаған. Сонымен қатар, елімізде зорлау ісі ауыр қылмыс болып есептелмегендіктен, осындай шешім қабылданды. Бұл туралы блогер ашына жазып, адамның құны малдан да төмен болып кеткен деп түсіндірді. 

"Адам зорлауды ауыр қылмысқа жатқызбау, Қазақстанның халықаралық ұйымның алдында алған міндеттерін бұзу болып есептеледі. Халықаралық стандарттар негізінде зорлық ісі бойынша түрмеге қамалуы шарт. Біздің елімізде қой ұрлау ауыр қылмыс болып есептеледі. Егер сіз біреудің есігінің алдынан сиырын ұрлап кетсеңіз, мал үшін бұдан 3 есе артық береді", - деп жазды блогер. 

Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін жолаушыны зорлаған "Тальго" жолсеріктеріне байланысты сот үкімі шыққаны туралы жазған болатынбыз.

 
 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста