Мамандар дауыстың өзгеруі қатерлі ісік ауруының белгісі болуы мүмкін екенін айтты
Сарапшылар дауыс өзгерістеріне назар аударуға кеңес береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Шыны керек аяқ асты тамаққа салқын тигенде, не жаздың күні балмұздақ жеп қойып тамағың ауыра қалған жағдайда адамды үрейге қамайтындай ақ ақпарат. Қазіргі таңда ақпарат құралдарында адамның денсаулығына қатысты «Гастроэнтеролог қандай кезде сорпаны жиі ішу қауіпті екенін айтты», немесе «Диетолог авитаминозға қарсы ең жақсы жемістер тізімін атады» деген секілді ақпараттар жиі кездеседі. Халықтың денсулыққа қатысты мақаланың қасынан бей жай өтіп кетпейтінін біліп әдейі осындай ақпараттар ағынын көбейтетін секілді. Сондықтан жоғарыдағы ақпараттың анық қанығын білгіміз келіп арнайы онколог мамандардың пікіріне құлақ түрдік.
Айман Марат, онколог: Қатерлі ісік ауруын көрсетуі мүмкін басқа белгілерге де назар аудару керек. Өйткені тамақтың ауруы жүз пайыз онкологияның көрінісі дей алмаймыз. Сондықтан уақытылы жылына екі рет онкологиялық тексерулерден өтіп тұрған дұрыс. Алайда мұндай ақпараттарға қарап, жоқ ауруды «шақырып» жүрмеңіз дейді.
Демек, жоғарыдағы ақпарат толық ақиқат дей алмаймыз.