Маңғыстауда итбалықтардың неге дала кезіп жүргені анықталды

Маңғыстауда итбалықтардың неге дала кезіп жүргені анықталды

Маңғыстау облысында итбалықтардың неліктен судан жырақта дала кезіп жүргені анықталды, - деп хабарлайды КТК.

Еске салайық, алдымен Қаражамбас-Қаламқас тасжолында итбалықтың жапан түзде бауырмен жорғалап бара жатқан видеосы пайда болған еді. Осыдан кейін Солтүстік Бұзашы кен орны маңында жұмысшылар тағы бір итбалықты көрген.

Эколог мамандар Каспийдің ластанғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Олар жағалаудағы су, жер мен ауаны зерттеген. Экологтар итбалықтар адам кінәсінен далада қалып қойған деген болжам айтқан. Жануарды қызықтаған адамдар жалыққан соң оны далада тастап кетуі мүмкін деген еді.

Тағы бір болжам бойынша, дала кезіп жүрген итбалықтың төлі болған. Ал олар қатып қалған теңізге жол таппай, күн шығысқа қарай беттей берген. "Қазақта сөз бар "кіндік қатар салқын", аязды айтады. Олар туған соң кіндіктері мұзға жабысып қалады, сосын жұлынады. Итбалықтың өзі суға сүңгіп кетіп, ал күшігі сол орынды таппай, күнді бетке алып жүре берген", - деп түсіндірді Маңғыстау облысының балық инспекциясы бастығының орынбасары Қуанғали Ашақов. 

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста