Мақтааралдық полицейлердің балалары сурет салу байқауына қатысты
«1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні» қарсаңында, Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен орталық кітапханада полицейлердің ұл-қыздарының қатысуында сурет салу байқауы өткізілді.
Байқауға 12 жасқа дейінгі балалар қатысты. Жарыста өзінің қабілетімен топ жарғанучаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Болат Намазбаевтің ұлы Бекнұр Намазбай І-орынды иеленді. ІІ-орынды патрульдік полиция тобының қызмет инспекторы полиция лейтенанты Бауыржан Оспановтың қызы Аружан Бауыржанқызы иеленді. Ал ІІІ-орынды Аяла Ерғалиқызы иеленіп, бөлім бастығының дипломы мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жалпы іс-шараға қатысқан 12 бала ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Мерекенің мақсаты - өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеу, балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар жасау, олардың пікір бостандығына, білім алуға, салауатты өмір салтына баулу, балалардың шығармашылық дамуына септігін тигізу болып табылады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі