Мәулен Әшімбаев: Мәжіліс таратылса да елімізде заң шығару қызметі тоқтамайды

Мәулен Әшімбаев: Мәжіліс таратылса да елімізде заң шығару қызметі тоқтамайды

Мәжіліс таратылса да елімізде заң шығару қызметі тоқтамайды. Бұл туралы Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-Министрмен кеңесіп, Мәжілісті тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлықтарға қол қойды. Соған байланысты 2023 жылғы 19 наурызда Мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтеді. Барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауын Орталық сайлау комиссиясы белгілейді», - деді Мәулен Әшімбаев.
Былтыр өткен референдумда халықтың басым бөлігі еліміздің саяси жүйесін өзгертуге қатысты бастамаларды қолдап, дауыс бергені белгілі. Соның нәтижесінде конституциялық реформалар іске асырыла бастады. Бүгін қабылданған шешім де осы бағыттағы кешенді жұмыстардың жалғасы екені сөзсіз.

«Алдағы сайлаулар жаңа тәртіппен өтеді. Мұндай қадам елімізде демократияны нығайтуға және халықтың алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашады. Сайлаушылардың сеніміне ие болған азаматтар күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелерді шешуге және Президентіміз айқындаған басымдықтарды жүзеге асыруға тың серпін береді деп сенеміз. Осы ретте Мәжіліс таратылса да елімізде заң шығару қызметі тоқтамайтынын айрықша атап өткен жөн. Соған сәйкес қазір Парламенттің міндеті толығымен Сенатқа жүктеліп отыр. Бұл – біздің Палата үшін үлкен жауапкершілік. Алдымызда ауқымды жұмыстар тұр. Осындай маңызды кезеңде Сенат еліміздің дамуы үшін қажетті заңдарды уақтылы әрі сапалы түрде қабылдайтын болады», - деп жазды Сенат төрағасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста