Медеуге бір емес, бірнеше қауіп төніп тұр

Медеуге бір емес, бірнеше қауіп төніп тұр

Медеу шатқалындағы ахуал әбден шиеленісіп барады. Мұнда өткен жылы дауыл құлатқан ағаштар биыл жазда өртеніп жатса, енді қыста шатқалдың қар көшкінінің астында қалатын түрі бар. Жуырда жанып кеткен ағаштар қар бөгеттерін қиратыпты. Сөйтіп, демалыс аймағы бұрынғы келбетінен айырылғалы тұр. Кеше мамандар журналистерді шақырып, Медеудегі жағдайға байланысты тағы дабыл қақты.
Алматы қалалық әкімдігі мен төтенше жағдайлар са­ласы мамандарының айтуынша, 21 гектар жерді шар­­пыған тілсіз жау қар көшкініне қарсы тұратын құ­рыл­ғыларды да қиратқан. Тау бөктерлеріне 70-жылдары тұрғызылған құрылғылар мен Азиада қар­­саңында жаңартылған бөгеттердің барлығы жа­рам­сыз деп танылып отыр. Енді 750 шаршы метр құ­рыл­­ғыны сатып алу үшін – 145 млн, ал оның құрылыс жұ­мыстарына 68-70 млн теңге керек. Ал сынған, жан­ған ағаштар әлі сұлап жатыр. Бөренелер Шымбұлақ тау шаңғысы курортына апарар жолды бөгеп тастады. Ту­ристер мен алматылық тұрғындар айналма жолмен көтерілуге мәжбүр. Мамандардың сөзіне қарағанда, өрт толық сөндірілгенімен, ағаш тамырлары әлі бық­сып жатыр, оның үстіне, өрт салдарын жою жұмыстары тым шабан. Өрт болған жерде Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінен небәрі 13 адам жұмыс істеп жүр. Мамандар бұл аумақта көшкін бола қалса, аспалы жолдар үзіліп, «Медеу» мұзайдынына да зақым келуі мүмкін дейді. Қазір өрттің қайта тұтану қаупіне бай­ланысты өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы «Мохнатка» тауында қа­таң бақылау орнатты. Ал өрттің салдарынан құлап қал­ған ағаштарды тазалау жұмыстарына 250 млн тең­ге қа­ра­жат керек екен. Ауыл шаруашылығы министрі Асыл­жан Мамытбеков құлап, қураған ағаштардың өз­дігінен табиғатқа сіңіп кететінін айтқан еді. Алайда мамандар Алматының климатында мұндай жойылу процесінің әсте мүмкін емес екенін айтады.
Юрий Ильин, Алматы қалалық жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы:
– Медеу шатқалындағы өрттің қайта тұтануы мүм­кін. Бірақ бақылап отырмыз. Десек те, жұмыс кү­ші тым әлсіз, мамандар жетіспей жатыр. Жан-жақ­тан көмек сұрап, қала басшысы Төтенше жағ­дай­лар мен Ауыл шаруашылығы министрліктеріне хат жолдады. Егер қаржы жақын арада бөлінсе, екі ай­дың ішінде қалыпқа келтіре аламыз деп үміттеніп отырмыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста