Медициналық сақтандыру: қор жұмысына көпшіліктің көңілі тола ма?

Медициналық сақтандыру: қор жұмысына көпшіліктің көңілі тола ма?

Медициналық сақтандыру жөніндегі бастаманың жүзеге асқанына бірнеше жылдың жүзі болды. Алайда әлі күнге дейін дәрігерлердің уақытылы қабылдамайтыны, сапалы медициналық қызмет көрсетілмейтіні жөнінде дау жұрт арасында басылар емес. Жуырда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төңірегіндегі мәселені Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты көтеріп, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдаған болатын. Azattyq Ruhy тілшісі осыған байланысты медицина ғылымдарының докторы Төлебай Рахыпбековтің пікіріне, сол сияқты қордың жетекшісі Айдын Ашуевтың атына жолданған сауалдарға тоқталды.

 
ҚОРҒА ТҮСІП ЖАТҚАН ҚАРАЖАТ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?

Қордың ресми сайтына кіргенімізде өткен 2021 жылғы көрсеткіштерге көз жүгірттік. Өткен жылы қорға 15,5 млн адам тіркеліп, олардан бас-аяғы 751 млрд теңге аударылыпты. Бір қарасаң аз ақша емес. Алайда бұл біздегі медицинаны дамытуға жеткілікті ме? «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төлебай Рахыпбеков осы сауалға жауап бере отырып, медициналық сақтандыру саласындағы өзге де мәселелерді қамтып өтті.

«Шыны керек, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысына бір серпіліс керек. Мемлекет басшысы айтқандай, 3 млн адам медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілмеген. Ал өзім жетекшілік ететін қауымдастықтың мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш қазір 3,8 млн адамның төңірегінде. Ащы да болса шындық, науқас қабылдауға кіргенде кей дәрігер ең алдымен «медициналық сақтандырылғансың ба?» деп сұрайды. Мысалға ауылды жерлерде жастар бар болғанмен істейтін жұмысы жоқ. Олар қайтып сақтандырылмақ?! Ал медициналық тұрғыда сақтандыру туралы білмейтін қаншама адам бар», - дейді Төлебай Рахыпбеков.
Ғалым сөз арасында медициналық сақтандырудың артық-кем тұстарын қозғап өтті. Өз сөзінде сақтандыру қорына аударылып отырған қаражат мөлшері жеткіліксіз.

«Халық 100 пайыз медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілуі керек. Бұл жауапты мекеменің қолға алуы тиіс ең бірінші міндеттерінің бірі болуы қажет. Бұл бастама әлемдік тәжірибені жүзеге асыру мақсатында қолға алынды. Алайда біз ол тәжірибені енгізуге дайынбыз ба деген ой туындайды. Мысалға тиісті төлемдерін төлесем де медициналық көмек дұрыс деңгейде көрсетілмей, кеудемнен итереді дейтіндер аз емес. Оның тағы бір тұсы бар. Бізде жалақының 2 пайызы ұсталса, Германияда 4,5 пайыз ұстап қалады. Меніңше мөлшерді өсірмейінше тиісті нәтижені күту де мүмкін болмайды», - дейді медицина ғылымдарының докторы.
Айтуынша халықты әлеуметтік қорғау болғандықтан бәрі қамтылуы қажет. Ол қор қызметкерлері медициналық ұйымдар жеткіліксіз дегенді алға тартып отырғанын жеткізді.

«Өзімнің есептеуім бойынша қорға түсіп жатқан қаражаттың 80 пайызы тек жалақыға кетіп жатыр. Осыдан кейін барып қалған қаражатпен қалай дамымақ?

Айтқым келетін тағы бір мәселе – аурудың алдын алумен де жұмыс істеу керек. Бізде ер адамның өмір сүру ұзақтығы әйелдерден 10-11 жылға аз. Бұл өте нашар көрсеткіш. Міне осыған ұқсас проблемалар жетіп артылады. Оларды шешу жайы назардан тыс қалмауы қажет. Халықтың денсаулығы жақсарып, өмір сүру ұзақтығы артуы қажет», - дейді Төлебай Рахыпбеков.
Сөз соңында ол Жапониядағы жағдаймен біздегі жай-күйді салыстырып өтіп, медицинаның дамуы қажет екенін тілге тиек етті.

«МӘМС ІСКЕ ҚОСЫЛҒАЛЫ ЕШНӘРСЕ ӨЗГЕРГЕН ЖОҚ...»

Біз осы орайда жауапты мекеменің ресми сайтына көз жүгірткенімізде Ольга Коцюба есімді қолданушының басқарма төрағасы Айдын Ашуевтың атына жолдаған сауалға еріксіз көзіміз түсті. Бір ғана пікір болғанмен, көп адамның мәселесін қамтып өткендей.

«9 желтоқсан күні Астана қаласында тіркеуім бойынша «Сан-Тоты» медициналық орталығының қабылдауына жазылдым. Қаржыландыру жоқ деп анализ тапсыруыма жолдама беруден бас тартты. Ай сайын жалақымнан аз ақша ұстап қалмайды, алайда емделе алмай отырмын. Бір жыл ішінде табысымнан 371 мың теңге жиналыпты. Бұл сомаға көмек көрсетуден бас тартатын болса медсақтандыру жүйесін тоқтатыңыздар! Егер қаржыландыру жоқ болса МӘМС-ке аударылған қаражатымыз қайда?

Эндекринологтың тіркеуінде тұрмын, алайда оған кіру үшін терапевтке жолдама алуға баруым керек. Одан кейін эндекринолог ем тағайындағаннан соң қайтадан терапевтке анализ, МРТ, УЗИ секілді тексеруге жолдама алуым қажет. Оның бәрінен өткен соң эндекринологқа кіруім үшін тағы да терапевтке барып, жолдама алуым керек. Себебі эндекринолог жолдамасыз қайта қабылдай алмайды. Эндекринологтан шыққан соң дәрі-дәрмекке рецепт алу үшін терапевтке кіруім керек. Міне бұл осылай жалғаса береді. Бір ғана тексерілу екі айдан көп уақыт алады. Бұл дұрыс емес. Мен медсақтандыру жүйесіне қарсымын. Ол пайда болғалы бері ешнәрсе өзгерген жоқ. Қомақты қаражат аударып отырсам да дұп-дұрыс емделе алмаймын!» - деген пікірді еріксіз көзіміз шалды.
ДЕПУТАТТАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ

Өз кезегінде Парламент Мәжілісінің бір топ депутаты да бұл мәселені айрықша қозғап өтті. Қордың кейбір жұмысына күмәнмен қарайтындарын жеткізіп, ұсыныстарын да білдірді.

«Біздің депутаттық сауалымызға еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі қатысушылардың тарапынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру барысындағы олқылықтар туралы шағымдардың көбеюі себеп болуда. Жүйені жүзеге асырудағы басты мақсат тұрғындардың денсаулығын жақсартумен қоса мемлекеттегі медициналық қызмет сапасын арттыру деп көрсетілген.

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпкерлер медициналық орталықтар құрып, қыруар жұмыстар атқарып жатқаны баршамызға белгілі. Өңірлерді аралау барысында сондай кәсіпкерлермен жүздесіп, бірқатар олқылықтардың бар екеніне көз жеткізудеміз. «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында «әрбір азаматқа лайықты өмір» деп нақты көрсетілген. Дегенмен аталған медициналық мәселелер әлі де белең алып тұрғаны белгілі», - дейді депутаттар.
Халық қалаулылары саладағы кемшін тұстарды былайша тізбектеп шықты:

Біріншіден, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – ӘМСҚ) тарапынан бөлінген қаражаттардың игерілуі жете қадағалауды талап етеді. Қаражаттардың игерілу барысында ашықтықтың тиісті деңгейде емес деп есептейміз. Бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің белең алу ықтималдылығын арттырады.
Екіншіден, тұжырымдамада айтылғандай медициналық қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуларға қатысуды көздеп жекеменшік орталықтар ашқан кәсіпкерлер түрлі қиындықтарға жолығуда.
«Соның салдарынан төменде көрсетілген мәселелер орын алуда. Нарықта медициналық қызмет көрсететін көптеген орталықтар болғанымен, емханалар тарапынан сараптама үшін жолдамалар тек белгілі бір ұйымдарға беріледі. Осының салдарынан жолдамалар тым көп берілген ұйымдарда тұрғындар апталап кезекте тұруға мәжбүр. Сол уақыттың өзінде өзге орталықтар тұтынушысыз бос тұр. Негізі сақтандыру жүйесін енгізудегі мақсаттың бірі денсаулық сақтау мекемелеріндегі кезекті жою болатын. Денсаулығы сыр беріп тұрған адам апталап кезек күте алмайды. Амалсыздан қалтасынан қағылып ақылы қызмет алуға мәжбүр.

Қызмет көрсеткендерінің өзі қызмет ақыларын үш-төрт айлап ала алмайды. ӘМСҚ қорынан дер кезінде аударылған қаражат емханалардың шотында тұрып қалады.

Денсаулық сақтау саласына инвестиция салып кәсібін дөңгелетуді қалаған кәсіпкерлердің басым бөлігі жабдықтарды лизингке немесе несиеге алған. Атқарылған қызметтердің ақысын дер кезінда ала алмаудың нәтижесінде қызметкерлердің жалақыларын төлеуге, банк алдындағы борышын төлеуге қауқарсыз болу жағдайлары жиі кезігуде», - дейді депутаттар.
Халық қалаулылары мәселені ҚР Премьер-министрінің орынбасарына жолдаған сауалында проблемаларды қозғай келе жоғарыда айтылғандардың негізінде көрсетілген кезек күттірмес өзекті проблемаларды шешу үшін мынадай ұсыныстарын да жеткізді:

Республика аумағында денсаулық сақтау саласындағы жоғарыда аталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді;
Республика аумағындағы ауруханалар мен емханаларда ӘМСҚ тарапынан бөлінген қаражаттардың игерілуін тексеруді;
Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жауаптыларға заңға сәйкес шаралар қабылдауды сұраймыз.
Айта кетейік, Azattyq Ruhy депутаттар көтерген мәселелер бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына ресми сауал жолдады.

Сөзімізді қорытындылайтын болсақ, медициналық қызметтердің сапасына айтылар сын тоқтайтын емес. Бұл халықтың денсаулығына әсер ететіні белгілі. Жауапты мекемелер айтылған сынды түзеп, сапаға айрықша көңіл бөлуі қажет...

Меруерт Сырымбекқызы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста