Мекемтас Мырзахмет сөйлейтін қалам ойлап тапты!

Мекемтас Мырзахмет сөйлейтін қалам ойлап тапты!

Жаңалықтың бәрін шетелден күтетін әдетімізге нүкте қоятын кез келген сықылды. Қалауын тапса, қазақстандық ғалымдардың да қолынан келері көп. Бүгінге дейін қазақ руханиятына, қазақ ғылымына үлкен үлес қосқан ғалым Мекемтас Мырзахметов әлі де ұлтқа, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлықтай, бергенінен берері көп екендігін тағы да бір дәлелдеді.

Ғалым еліміз үшін тың жаңалық боларлық  сөйлейтін қалам ойлап тапты. Иә, кәдімгі сөйлейтін қалам! Идея қазақтікі болғанымен, Жапонияда жасап шығарылған. Жоғары технологиясы мықтап дамыған жапондықтардың өзі қарапайым қазақ ғалымы­ның тың дүниесіне таңдай қағып, қызығушылық танытыпты. Бұл қаламның ерекшеліктері мол. Бір ғана батарейкамен жұмыс істейді. Қаламның ішін­дегі аудиотаспаға жазылған сөздерді кітаптың көмегіне жүгіну арқылы тыңдауға болады. Қаламның ұшын кітап бетіндегі нота белгісінің үстіне қойса болды, сөйлей жөнеледі. Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін шемішкеше шағып түсіндіреді. 5-сынып пен 9-сыныптың арасындағы өтетін сабақтың бәрі бар. Осының ішінен оқушы өзіне қажеттісін тауып алады.
Мұндай таңғажайып қалам әзірге Жапонияда ға­на бар көрінеді. Бірақ сәл өзгешелеу. Олар сөйлейтін қаламды өз табиғатына икемдеп жасаған екен. Біздің ғалымдар осыларды негізге алып, салыстыра отырып, аталмыш қаламды жаңа бағытпен жасаған. Жапондықтар да, Ресей ғалымдары да бұл бастамаға сүйсіне қарап, бас шайқасыпты.

Абайтану саласында тер төгіп жүрген ғалым ерен еңбегін осындай жағымды жаңалыққа арнауды жөн санапты. Бұл туралы Мекемтас Мырзахметовтің өзі былай дейді: «Бізде дін де, басқа жаман нәрселер де қаптап кетті. Содан баланы арашалап қалудың амалын ойлап табу керек болды. Амалдың үлкені – осы. Бала­ларды қалай оқытамыз, қалай қызықты­ра­мыз деп ары ойландық, бері ойландық. Оқы­туын оқытамыз-ау, бірақ нәтиже бер­мейді. Енді тапсырма беріп қоямыз. Қолын­да мына сөйлейтін қалам болады. Абайдың әр сөзін талдайды. Оның өлеңінің құрылы­сы қалай, мазмұны қалай, түсінбейтін қан­дай сөздері бар, соның бәрін меңгеріп шы­ғады. Өзін-өзі тексереді. Сондай-ақ кітапта қате ме, дұрыс па, соны тексеруге мүмкіндігі бар. Осы жүйе бойынша меңгеріп шығатын болса, ертеңгі күні білімі өте күшті болады. Осы арқылы біз жас ұрпаққа Абайды басқа қырынан таныта аламыз. Сонда ғана Абай­ға ендей ала­мыз. Жұмбағын ашамыз... ХХІ ғасыр­дың көгінде Абайтанудың бағыты осы­лай жү­реді енді».
Расында, Абайдың шығармаларына, діни танымына ғылым докторы деген атағы бар философтардың өзінің тісі бата бер­мей­тіні шындық. Оның мектеп оқушы­ла­рына да ауыр соғатыны тағы анық. Сол үшін де бұл жаңалық таптырмайтын кө­мекші деуге болады. Қазір бізге бала ұғы­мына, танымына сай жасалынған дүние ауа­дай қажет-ақ. Өйткені ғажайып жаңа­лық баланың қызығушылығын тудырары, білмек­ке деген талпынысын арттырары сөзсіз. М.Мырзахметовтің идеясы бойын­ша жұмыс істеген топ бұған екі жыл уақыт­тарын сарп етіпті. Алматыда Абайтану ғылы­ми-зерттеу орталығында жасалған жаңа­лық бұрынғы абайтанудан басқаша оқы­тылады. Мұғалімдерге арналған қо­сым­ша оқыту құралы, бағдарламасы және сабақ саны да бар. Ғажайып қалам Dot code технологиясы бойынша жасалған. Ке­шен аудио оқу құралы болып табылады.

Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ, абайтанушы-ғалым:
– Бұл жаңалығымызды экс-министр Жансейіт Түймебаевқа көрсеткенімізде, жо­ғары баға беріп, «Қазақстанның бү­кіл мектептеріне таратамын» деп отыр еді, кетіп қалды ғой. Егер жаңа ми­нистр де қызығушылық танытса, онда қайта көбейтіп, бүкіл мектептерге береміз.
Қазақ баласы үшін таптырмайтын оқу құралының бағасы да анау айтқандай қым­бат емес. 7 500 теңге тұрады. Әзірдің өзін­де сатып алуға құлшыныс білдіріп отыр­ғандар көп. Баласына Абайдың шы­ғар­маларын оқыта алмай діңкелеген ата-ана­ға енді ғажайып қалам көмекке келмек. Әрине, бұрын-соңды болмаған жаңалыққа аз қаржы жұмсалмайтыны белгілі. «Екі жылғы еткен еңбек пен төккен теріміз ақта­лады» деп отыр ғалымдар. Әзірге 750 данасы шығарылған. Алғашқы экспери­мент­тік нұс­қа­ға кеткен шығынды «Nure­com» компа­ния­сы көтеріпті. Аталмыш ком­па­нияның Дирек­то­ры Нұралы Құдай­бер­генұлы бұл жаңалық­қа үлкен қызығушылық таны­тып, демеушілік көрсеткен екен. Та­лай­ларды таңғалдырып, тамсандырып отыр­ған жаңалыққа ҚР Әділет министр­лігі­нің зияткерлік меншік құқығы комитеті­нің куәлігі берілді. Авторлары – Мекемтас Мырзахметов, Шолпан Әбуова, Қалиолла Ахметжан. «Абайтану әліппесі» аталатын зияткерлік меншік обьектісі (ЭЕМ-ға ар­нал­ған бағдарлама) ретінде тіркелген бұл ғала­мат қаламға «Абайтану әліппесі», «Тұл­ға­ны тәрбиелеуді басқаруды автомат­тан­дырудың кешенді жүйесі», Абайдың «Жақ­сы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас», «Жақсы ұстаз», «Жақсы бала» атты шығар­ма­лары жазылған. Таспаға басылған сөз­дер Мекемтас Мырзахметовтің дауысымен жазыл­ған. Абайдың әр сөзін талдап, тың­ғы­лықты түсіндіреді. Қара сөздері де бар. Сондай-ақ бұдан бөлек бес кітап, төрт дис­кі қоса шығарылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста