Мектепке орналастырып беремін деп миллион теңге алған күдікті анықталды
Келес ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданған. Ол өз арызында өзінің танысы «мектепке жұмысқа орналастырып беремін» деп сеніміне кіріп, алдын ала 1.000.000 теңге ақшасын алып, бір жыл бойы алдап келгенін көрсеткен.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ретінде оның жеке басын анықтады. Ол шымкенттік жұмыссыз, ер адам болып шықты.
Белгілі болғандай, ер адам алған ақшаны бас пайдасына жаратып жіберген. Бұдан бөлек оның алаяқтықтың тағы бір жайтына қатыстылығы анықталды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу