Мемлекет көлігін «меншіктеп» алыпты

Мемлекет көлігін «меншіктеп» алыпты

Құқық қорғау органдары мен әкімдік өкілдері қызметтік көліктерін жұмыстан тыс уақытта да мінеді. Мұны өткен мереке күндері Алматыда арнайы рейд өткізген «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің мүшелері анықтады.
 Демалыс күндері қызметтік көлігін пайдаланған шенеуніктерді бақылауға арналған мұндай шара республикада алғаш рет өткізілді. Рейдтің басты мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күресті жастар арасында насихаттау. Бірлестік төрағасы Айдар Қырықбаевтың айтуынша, «Жас Отан» жастар қанатының «Сақшы» бағдарламасы аясында өткен шара барысында бірқатар шенеуніктердің қызметтік лауазымдарын асыра пайдаланатыны анықталды. Бір ғана әл-Фараби даңғылы мен Науаи көшесінің өзінен жол ережесін бұзған 10 жүргізуші ұсталып, автокөліктері айыптұраққа қойылды. Кейбір шо­пырлар қызмет көлігін қашан және қандай мақсатқа пайдаланса да, бастықтары «қой» демейтінін мақтана айтыпты. Және сондай дөкейлерге қазір-ақ телефон шалып, мәселені шешіп алмақ болғандар да кездескен. «Қара тізімге» іліккен автокөлік иелерінің аты-жөндері жазылып, өздері бейнетаспаға түсірілді. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сот, прокуратура мен әкімдік қызметкерлері бар. Лауазымынан ат үркетін құқық саласының өкілдерін қайдам, қызметтік көліктерін кешкі сағат сегізден кейін жеке шаруасы үшін мінетін 12 шенеуніктің мәселесі қалалық әкімдікте қаралатын болады. Және алдағы уақытта мұндай рейдтерді республиканың өзге де өңірлерінде өткізу жоспарланып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста