Мемлекеттік басқару академиясына құжат тапсыру басталды
Академияға түсуге ниетті талапкерлер құжатын онлайн форматта тапсырады
Елімізде мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды. Жаңа оқу жылына 10 магистрлік және 3 докторлық бағдарлама әзірленген, деп хабарлайды «Хабар 24».
Академияға түсуге ниетті талапкерлер құжатын онлайн форматта тапсырады. Жыл сайын мұнда мемлекеттік тапсырыс негізінде 120 магистратура және 12 докторантураға грант бөлінеді.
Академия ректоры Ерлан Әбілдің айтуынша, мемлекеттік аппаратты білікті мамандармен қамтамасыз ету өзекті. Бүгінге дейін оқу орнын 3000-ға тарта түлек тәмамдаса, оның 1000-ға жуығы мемлекеттік қызметте жүр.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу