Мемлекеттік саясатта адами капитал мен елдің зияткерлік әлеуеті басымдыққа ие – сарапшы

Мемлекеттік саясатта адами капитал мен елдің зияткерлік әлеуеті басымдыққа ие – сарапшы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚСЗИ саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Ермек Тоқтаров мәлімдеді. 
 
 Мемлекет басшысы Ұлттық ғылыми академиясының сессиясында сөйлеген сөзінде өте маңызды мәселені көтерді. Біріншіден, шын мәнінде ғылыми зерттеулер үшін қаржылық мүмкіндіктердің ауқымы кеңейді. Бұл ғалымдарға алдарына аса күрделі міндеттерді қойып, ғылымға жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді. Ұлттық ғылым академиясына мемлекеттік мәртебе беру академиктер қауымдастығынан үлкен жаңалықтарға жол ашады, - деп атап өтті саяси зерттеулер бөлімінің меңгерушісі. 
Сондай-ақ ол жас ғалымдарға ерекше көңіл бөлінетіндігіне тоқталды. 

Екіншіден,  жас ғалымдар мен олардың зияткерлік әлеуетіне аса назар аударылады. Ғылымға еңбек ететін мамандар даярлау зерттеу университеттерінен басталып, докторантурада жалғасын табады және постдокторантураның бағдарламасында беки түседі. Бүгінгі таңда елімізде білікті кадрлар даярлаудың толық циклі бар. Осы ресурстарды тиімді әрі ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Жақын болашақта қабылданатын іс-шаралар мультипликативтік нәтижеге алып келері сөзсіз. Жалпы біз мемлекеттік саясатта адами капитал мен елдің зияткерлік әлеуеті басымдыққа ие екендігін көріп отырмыз, - деді сарапшы. 
Еске сала кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты сессияда Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынған болатын. Мемлекет басшысы олардың бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысатынын алға тартты. Сондай-ақ Президент ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру мәселесіне де тоқталды.  

Мақпал ОРЫНБЕК
 
baq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста