Мемлекеттік тапсырыс отандық өндіріске неге қызмет етпейді?

Мемлекеттік тапсырыс отандық өндіріске неге қызмет етпейді?

Еліміздегі заңнамаларға жүгінсек, кәсіпкерлік саласы үшін қазақстандық қамту талаптарын орындаушыларға барынша басымдық беріліп, түрлі жеңілдіктер ұсынылып жатқаны анық. Алайда, өкінішке қарай, бізде екі жеп биге шыққысы келетіндер мемлекеттің берген бұл мүмкіндігін де пайдаланып, сонымен қатар нарықтың да ұтымды тұсын игеруде арсыз әрекетке жол беріп жатады. Тарқатып айтсақ, жеңілдікке ие болу үшін оның талаптарын қағаз жүзінде орындаған мемлекеттік тапсырысты алушы нақты­сын­да базардағы ең арзан баға ұсынысын қабыл алады.  Сөйтіп, «отандық шикізаттан өнім жасап жатырмыз» дегендердің кейбірі тендер тауарын, мысалы, көрші жатқан Қытайдан алдырта салғанды жөн көреді. Әрине, оған себеп жоқ емес. Қоғамда сынға алынып, ресми құзырлы органдар мойындап жүргендей, мемлекеттік тапсырыстың бәс саудасындағы парақорлық өнім бағасын қолдан қымбаттататындығы тағы белгілі. Осы жағынан алғанда, «Салт атты, сабау қамшылы» демекші, түрлі ұсақ фирманың күмәнді ұсынысына жүгінгенше әрі  тендерді саудаға айналдырмас үшін бір мемлекеттік немесе мемлекеттік және жекеменшік әріптестігі негізінде ірі кәсіпорын құрып, оған елдегі бүтін тапсырысты  неге бермеске» деген заңды сауал санада кесе-көлденеңдейді...
Кәсіпкерліктің жолын айқындаушы басты фактор – тұтынушы мен тап­сы­рыс берушінің көлемділігі.  Ал біздегі ірі тапсырыс беруші мемлекет болып та­былады. Сондықтан мемлекеттік тапсырысқа деген қызығушылық зор-ақ. Мемлекеттің көлемді тапсырыс бәй­гесі қанталапай өткенмен, оның орын­далу жағы бізде көбіне сын кө­термейді. Бұл ретте бір саланы мысалға ала­лық. Мәселен, еліміздің Қорғаныс Күш­тері. Біле-білсек, аталған салаға мем­лекет қазанынан орасан қаржы бөлінеді. Оған мына цифрлар куә: Қазақстанның әскери шығыны 1,5-2 млрд долларды құрайды, ол Тәжік­стан­ның әскери бюджетінен 20 есеге, Қыр­ғыз Республикасынікінен 45 есеге көп. Техникалық жағын сөз етпей-ақ қоя­лық. Ал отандық әскерилердің кие­тін киім-кешегін, жейтін тамағын бүгін­дері жергілікті түрлі ұсақ фирмалар қам­тамасыз етіп жатыр. Бірақ оны ке­ңес өкіметіндегідей сапалы да қал­тқы­­­сыз деп айтуға ауыз бармайды. Бір мы­сал.  Қазақстандық қамтуды 100 пайыз орындап отырған Оралдағы ет кон­серві­сін шығаратын «Кублей» ЖШС осы артықшылығы арқасында  әскери­лер­ге де белгілі бір деңгейде өз өнімін тасымалдаған. Демек, 100 пайыз деген сөз бұл фирма өз өнімі өндірісіне қажетті шикі­­затты және барлық керек-жа­рақ­ты жергіліктілерден тұтынады.
                   Абай ОМАРОВ (коллаж)
Алайда кейіннен белгілі болғандай, олар етті Оңтүстік Америкадан алдыртатын болып шық­қан. Оған себеп жергілік нарықтағы ши­кі­зат­тың тапшылығы болса бірсәрі, олар бағаны жаратпапты. Осы фир­ма басшысының өңір басылымына берген сұхбатынан қысқаша үзінді келтіре кетейік: «2002 жылға дейін біз өндірісте жер­гілікті аумақтың етін ғана пайдаландық. Ке­йін­нен мал ұстау қиындап, ет қымбаттай бас­та­ды. Сондықтан біз еріксіз шикізатты сырт­тан алдыртатын болдық: Арген­ти­на­дан, Бра­зи­лия­дан, Австралиядан. Оңтүстікамерикалық еттің бір келісі – 600 теңге, яғни еліміздегіден екі есе­ ар­­зан». Тізбектесек, мұндай мысал алды­мыз­дан шы­­ға берері анық. Осыған дейін бір-екі жу­­ған­нан кейін өңі оңып кететін әскери жей­де­міздің де Қы­­тай­дан әкелініп отыратындығы бір­қа­тар бас­­па­сөзден айтылған. Тіпті Ресейдің қа­да­ға­лаушы ор­гандары бізге соңғы кездері на­­рығында «Қа­зақстанда жасалған» деген таң­бамен Қытай зат­та­рының қаптап кет­кен­дігі жөнінде базынасын жеткізіп отыр. Бұл Қытай тауарының Қазақстанға жет­кізіліп, осындағы күмәнді фирмалар арқы­лы таңбаланып отыратындығынан хабар бер­се керек. Ел дамуы үшін өте маңызды қа­зақстандық қамту талабын бұлайша көз­бояушылықпен орындау, әрине, ұят және қаншама зиян?!
Сондай-ақ таяудағы Үкіметтің ке­ңей­тіл­ген оты­­рысында да Елбасы Беларусьтан кәрі сиыр еті тасымалданып жатқанын, оның мы­сық­қа ға­на беруге жарамды еке­нін құзырлы ор­ган бас­шы­лығының бетіне басып айтты. Же­ке тұ­ты­ну­шы кәрі малдың етін ала қоймасы белгілі. Де­­мек, ол да әскери сала секілді көлемді тапсы­рыс бе­­руші салаға бағытталып жатпасына кім кепіл?
Жоғарыда атағанымыздай, өткенге ора­луға то­лықтай негізіміз бар. Өйткені ке­зінде Қазақ КСР бүтін Кеңес армиясын ши­нель­мен, әскери баскиімдермен қам­та­масыз еткен, ал Алматы мен Қарағанды фа­брикаларынан шыққан кү­пәй­келер мен қыс­қа тондарға Сібірдегілердің өзі ра­зы­лы­ғын білдірген. Бір Семей ет ком­би­наты да бүтін Одақ әскерін паекпен қамтамасыз етіп тұрды. Қазақтың мұндай ірі комби­нат­тар тауарының сапасына кеңес өкіметінің өзі сын таға алмаған. Өкінішке қарай, мұ­ның басым бө­лігі сол заманмен тарих қой­науына кете барды. Тәуелсіздік алған кезде ірі өндірістің желілерін жойып, іргесін бұ­зып алдық. Есесіне, шикізат өндірісін да­мы­туға басымдық берілді. Расында, бас­тап­қыда «мұнайдан орасан мол табыс та­бамыз, сол ақшаға өзімізде жоқты өз­ге­ден са­тып аламыз» деген саясаттың бол­ға­ны рас. Сөй­тіп, жоғымызды сырттан тү­ген­деп асып-тасимыз дес­тік. Алайда бұлайша аса алмадық, керісінше, жаси түстік. «Өзін-өзі асырай алмаған – жасық» деген аталы сөз­ді уақыт тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Сондықтан өз қолымызбен жой­ған өн­ді­ріс­терді қайта жаңғырту өзектілік та­нытты. Ақы­ры Үкімет бірнеше кезеңді қам­ти­тын Үде­мелі индустриялық-инновациялық да­му жөніндегі стратегиялық бағ­дар­ла­маны қа­был­дады. Әзірге бой көтерген ірі өн­діріс қатарынан қайта өңдеуші сала қо­мақты үлес ала алмай келеді. Сол себепті на­рықта ұсақ кәсіп­орын­дардың қолы жү­ріп тұр. Бізде кәсіпкерліктің іріленуіне жағ­дай жасалып жатқан жоқ деп ай­туға бол­май­ды. Мысалы, «Бизнестің жол кар­та­сы-2020» бағдарламасында нақ ірі кә­сіп­орын құрушылар­ға барынша мүмкіндіктер қа­рас­тырылған. Өні­мі­нің 50 пайызы экс­порт­қа бағыт­тал­ған кәсіп­орын­дар 3, тіпті нөл пайызбен не­сиелендіреді. Ал ірілердің тауарын сыртқа жет­кізу, шетелдік әріп­­тес­тер­мен байланыс ор­нату рөлін орын­дау­ды да мемлекет өз мойнына алып отыр. Бұл іс­пен бізде Kaznex Invest ұлттық агенттігі ай­на­лы­сады. Осы негізде біз аталған бағ­дар­лама ая­сында несиелендіруге қол жет­кізген, сондай-ақ еліміздегі ірі 100 кәсіп­орын тізбегіне көз сал­дық, сөйтіп, он­дағының 95 па­йызы шикізат иге­ру­­ші, ши­кі­затты өңдеуші салалар еке­нін бай­­қадық. Ара­сында «Рахат» кондитерлік фа­бри­­касы, дәрі-дәрмек шығаратын және тағы бір құ­­­рылыс материалдары зауытының сұлбасы бай­­қалады. Болды. Мүмкін, бұл уақыт та­ла­бы шы­ғар. Индустриаландырудың ендігі ке­зеңінің жобаларында агросекторға, жеңіл өнеркәсіпке көбірек үлес берілетін болар деген үміт бар. Қалай дегенмен де, соң­ғы аталған салалар бо­йын­ша ірі кәсіп­орын­дардың қажеттігін уа­қыттың өзі дәлелдеп беріп отыр.

КӨЗҚАРАС
Любовь Худова, Қазақстанның жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының төрайымы:
– Әрине, ірі өнеркәсіптің болғаны жақсы. Бі­рақ бізде оны шикізатпен қамта­ма­сыз ететін да­йын тетіктер жоқ. Сон­дық­тан кәсіпкерліктің бас­ты қағидасы – аздан бас­тауды дұрыс көре­мін. Бастысы, сол ұсақ жә­не орта кәсіпкерлікті ірі­­лендіруге жағдай жасау керек. Алайда мем­ле­кет оны ірілендіруге бұйрық беріп, жағдай жа­сауға ты­­рысып жатқанымен, оның орын­да­луында көп қателік бар. Мысалы, мемлекеттік тап­сырыс. Оны сол тапсырысты орындай алатын фир­ма же­ңіп алса, бізде проблема болмас еді. Са­­палы өнім шығаратын, бәсекеге қабілетті отан­­дық фир­маларымыз бар. Бірақ оларға мем­лекет бе­ріп отырған мүмкіндікті пайда­лан­ғыз­­байды, тен­дерден шеттетеді. Ал тендерді жал­­ған фирма ұтып алады. Әрине, оның өзіндік өндірісі жоқ, сондықтан ол Қытайдан арзанға тауар ал­дыр­та­ды. Содан ел біздегі отандық фирмалар еш­ нәр­се шығара алмайды деп қате ой түйеді. Шын­дығында, өндірісі бір жолға қо­йыл­ған жап-жақсы кәсіпорындар бізде бар­шы­лық. Мә­селе – солардың аяғынан шалатындар көп. Сол секілді мемлекеттік бағдарламалардағы әкім­­шілік кедергілерді жойып, процедура уа­қы­тын же­ңілдетіп, қысқартса дейміз. Оған көп уа­қыт ке­теді. Сондықтан жергілікті шын кә­сіп­кер­лер ол мүмкіндікті пайдаланбайды. Одан көбіне «жалғандар» есебін түгендеп жатады. Бір сөзбен айтқанда, қолда барды қанағат етіп, соның жайын түзеп алсақ жақсы болар еді деймін.

Ғани Қалиев, «Ауыл» партиясының төрағасы:
– Әрине, мемлекеттік тапсырысты орындай­тын ірі комбинаттар құруға болады. Егер Үкімет мұ­ны жасаймын деп ниет білдірсе, ол қолында тұр. Алайда ... Осыған дейін, мәселен, мал шар­уа­шылығын ірілендіру жайын қозғап келеміз. Мы­салы, біздің нарықты мал өнімдерімен қам­тамасыз етуші , негізінен, жекеменшік ұсақ шар­уа қожалықтары. Ал жеке қолдағы малмен алыс­­қа бара алмаймыз. Сондықтан оларды ерік­­­ті түрде бір бірлестікке шоғырландырып, мал өнімдері кластерін дамытуымыз керек деп айтып келе жатқанымызға талай жыл болды. Мұн­дай жағдайда сүтті де, басқа да малдан алы­натын өнімді де, қайтадан өңдеу арқылы шығаратын тауар басын да арттыруға болады. Ол үшін мемлекет агросекторға көлемді қаражат құюы керек. Қазіргіден екі есе. Бұл қаржы бүгін­гі­дей тек ірі шаруашылықтарға ғана емес, ұса­ғы­на да бағытталуы тиіс, яғни шағынды тұн­шық­­тырмай, керісінше, оның іріленуіне жол ашы­луы шарт.

Тимур Назханов, Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы:
– Қазіргі жағдайда ірі кәсіпорын құру өте қиын. Мысалы, ет өндірісін алалық. Кезінде Се­мейдің ет комбинаты бүкіл КСРО-ның сұранысын қа­нағаттандырып, өндіріс көлемі бойынша оқ бо­йы озық тұрды. Мұндайды бүгіндері арман етіп қалдық. Өйткені қолда барды жойып алдық. Ол кезеңде ет комбинатын шикізатпен қамта­ма­сыз ететін мал шаруашылығымен шұғылданатын үлкен колхоз-совхоздар болды. Қазір оны ыды­ра­тып алдық, бізде ірі мал шаруашылығы жоқ. Нарықты етпен қаматамасыз етіп отырғанның 90 пайызы – ұсақ шаруа қожалықтары мен қос­ал­қы үй шаруашылығындағылар. Мал басын кө­бейту мәселесі әлі шешімін тапқан жоқ. Сон­дық­тан еттің өзіндік құны да қымбат. Ал мұндай жағдайда ірі ет өндіретін кәсіпорын құрсақ, оның рентабельділігі жайы күмәнді болып қа­лады. Демек, қандай да бір ірі кәсіпорын құр­мастан бұрын сол саланың мәселесін ке­шенді түрде қарастырып, мемлекеттік бағдар­ла­ма ая­сында қолдап, ірілендіру бағытында жұмыстар жа­салуы тиіс. Ал бізде мұндай жұмыстар қағаз жүзінде болмаса, нақты өмірде жүргізіліп жат­қан жоқ. Сондықтан қолда барды қанағат етуге мәж­бүрміз. Сөз еткен мал шаруашылығын ірі­лен­діру жайын ғалымдар қозғап жүр. Бірақ қо­ғам­ның бір парасы бұған қарсы. Меніңше, мал шаруашылығын ірілендіру қажет деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста