Мердігерлердің сапасыз жұмысы газдан да қауіпті

Мердігерлердің сапасыз жұмысы газдан да қауіпті

Газдандыру кезінде жүргізілген сапасыз құрылыс-монтаждау жұмыстары жылдан жылға көбейіп келеді. Құбырлардың техникалық жағдайына бақылау жасалмайды.

Тексерулер көрсеткендей, газдың ауаға таралуына көп жағдайда жеке мердігер фирмалардың сапасыз жұмысы мен әкімдіктердің есебіндегі газ тарату желілерін бақылауда ұстауға қажетті қаражаттың жоқтығы себеп.

Биылғы 9 айда еліміздің газдандырылған 5 облысында арнайы лазерлік детектордың көмегімен әкімдіктердің тапсырысы бойынша салынған құбырлардан ауаға газ тараудың 2 848 дерегі анықталды. Осы ақаулардың 95%-ы әкімдіктердің есебіндегі құбырлардан табылған. Бұл дегенің &ndash газдың ауаға тарауын ғана анықтамай, талай апатқа тосқауыл қойылды, адамдардың өміріне төнген қауіптің алды алынды деген сөз.

Бүгінде газ тарату желілерінің құрылысы нарығында осы қызмет түрін көрсетуге рұқсаты бар мыңдаған жеке фирмалар жұмыс істейді. Өкінішке орай, газ жүргізуде көптеген мердігер өз жұмыстарына салғырт қарайды, демек адам өміріне қауіп төндіреді.

Соған қарамастан, әкімдіктер жасалған жұмыс үшін қаржысын төлеп, нысанды қабылдап алады. Ал одан кейін осындай сапасыз жүргізілген газ тарату желілерін тасымалдаушы компанияның жергілікті филиалдарына өткізіп жіберуге тырысады. Осылайша жауапкершілікті басқаның мойнына арта салғысы келеді.

Осындай сапасыз салынған құбырларды пайдалану кезінде газ ауаға тарап, газ операторына орасан көп шығын әкеледі. Бірақ ең басты мәселе ол емес &ndash мұндай құбыр қасіретке себеп болуы мүмкін.

Көп жағдайда төтенше жағдайларға "ҚазТрансГаз" АҚ қолданатын инновациялық технологиялардың арқасында жол берілмейді. Газ компаниясы аса сезімтал "Пергам" құралымен жабдықталған арнайы автомобильдерді пайдаланады. Дәлдігі жоғары сандық детекторлар көп қабатты ғимарат, жеке үй немесе газ құбыры болсын, газдың ауаға тарап жатқан аумағын айна-қатесіз анықтайды.

Биыл газ шаруашылықтарындағы тарату желілерін пайдалану мамандары осындай 2 070 ошақты анықтап, ақауды дер кезінде жөндеді. Қалған жағдайларда газ беру тоқтатылып, жөндеу жұмыстары апаттық-диспетчерлік қызметке табысталды.

Жоспарсыз жүргізілген құрылыс жұмыстары немесе сапасыз монтаж &ndash аталған саланың ең басты мәселесіне айналды. Бұған жуырда Алматыда болған қайғылы оқиға дәлел. Жөндеу жұмыстары кезінде жаңадан салынған газ құбыры тесіліп, одан шыққан газ жарылысқа себеп болды. Салдарынан бір адам көз жұмды. Бұған құбыр төсеу жұмыстары кезінде салғырттыққа жол берген «Сигма» ЖШС атты жеке компания кінәлі.           

Айта кету керек, барлық газ инфрақұрылымы стратегиялық нысандарға жатады және толықтай есепке алынып, елдімекендердің сызбаларында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Оған қоса жөндеу бригадалары құрылыс немесе  басқа да жұмыс жүргізетін нысандарды сканерлейтін құралдармен жабдықталуы керек. Оларды қолдану арқылы газ құбырлары төселген жерді қатесіз анықтай алады. Алайда жергілікті органдар тұрғындардың өміріне қауіп төндіруден сақтандыратынмұндай маңызды жәйттерге назар аудармай келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста