Миллионнан астам кәмпитке толы сыйлық жиынтығы Қазақстанның барлық аймағына жіберіледі
Қазақстан Жаңа жыл мерекесіне дайындалуда.Қазақстанның барлық аймағына «Рахат» кондитерлік фабрикасының бір миллион жеті жүз сыйлық жиынтығы немесе 1 500 тонна кәмпит жіберіледі.
Фабрика өз атынан балалар үйлері, мектеп-интернаттары, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталықтары және т.б. отыз шақты әлеуметтік мекемелерге сыйлықтар жібереді. Сондай-ақ, сыйлықтар Special Olympics бағдарламасының тәлімгерлері мен онкологиялық дертке шалдыққан балаларға да тартылады.
Қазақстандық сатып алушылар назарына тәтті шоколад пен кәмпиттерге толы рюкзактар, жұмсақ ойыншықтар, қорапша секілді әр түрлі жиынтықтар ұсынылады. Сонымен қатар, тарту ретінде биыл жарық көрген «Almaty» шоколад жиынтықтарын сыйға беріледі.Бұл жиынтықтың дизайнын белгілі суретші Мұрат Ділманов жасаған.
Жиынтықтардың алуан түрлілігіне қарамастан қазақстандықтар төмен бағадағы сегментті таңдайды.
Ақпараттық анықтама:
Алма-Ата кондитерлік фабрикасы 1942 жылы құрылды. 1992 жылы кәсіпорын «Рахат» акционерлік қоғамы деп аталды. 2013 жылы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery компаниясы «Рахат» АҚ акцияларының негізгі бумасын сатып алды. LOTTE Confectionery Оңтүстік Кореяның көлемі бойынша 5-ші ең ірі конгломераты – LOTTE тобының еншілес компаниясы және де Оңтүстік Кореяның штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан жетекші кондитерлік компаниясы болып табылады. Бүгінгі күні «Рахат» АҚ-ның LOTTE Confectionery компаниясына тиесілі акцияларының үлесі 95,57 % құрайды.
Кондитерлік фабрика дистрибьюторлық желісі жөнге салынған нарық көшбасшысы бола отырып, атауы 400 асатын жоғары сапалы кондитерлік бұйымдар өндіреді. Компанияның ассортиментінде шоколадты және желе кәмпиттері, карамель, ирис, шоколад тілімдері, печенье, вафли, зефир, драже және т.б. бар. Кейбіреулерінің Қазақстан нарығында аналогы жоқ.
Компанияның өнімі Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Ресейде, Беларусьте, Арменияда, Қытайда және басқа елдерде сатылады. Бұл мемлекеттердің қатарына Ирак елі қосылды. Алғашқы жүк те жөнелтілді.
БАҚ арналған контактілер: Газиза Узак SPN Communications агенттігі