Мобильді азаматтар базасында тез тіркелу жолы
Егер сізде ЭЦҚ болмаса:
- egov.kz сайтына кіріп, ондағы "ВИРТУАЛДЫ АССИСТЕНТ" түймесін басыңыз. Ол сайттың төменгі оң жақ бұрышында орналасқан.
- әрі қарай "ҚОҢЫРАУ" - "ХҚКО" - "БЕЙНЕ ҚОҢЫРАУ" түймесін рет-ретімен басыңыз.
Осылайша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін оператормен байланыса аласыз. Оған өзіңіздің жеке куәлігіңізді, ЖСН, телефон нөмірін және сізге жіберілетін СМС-құпиясөзді көрсетесіз. Бар болғаны осы. Сіз базаға тіркелдіңіз.
Егер сізде ЭЦҚ болса (онда тіптен оңай)
- egov.kz. сайтындағы Жеке кабинетіңізге кіріп, ұялы телефоныңыздың нөмірін тиісті бағанға жазыңыз.
- өз ЭЦҚ-ыңызбен қол қойыңыз.
МОБИЛЬДІ АЗАМАТТАР БАЗАСЫНА НЕ ҮШІН ТІРКЕЛУ КЕРЕК?
 тіркелгеннен кейін сіз ЭЦҚ-ны пайдаланбай-ақ 90-ға жуық мемлекеттік қызметті онлайн ала аласыз.
 өзіңізге қажетті анықтамаларды әлеуметтік желілердегі мессенджерлер арқылы ала аласыз
құжаттарыңызды қолдану мерзімінің аяқталуы туралы сізге хабарлама жіберіледі
 құжаттар мен анықтамалардың дайын екені туралы СМС-хабарлама жіберіледі