Мобильді ХҚО-лар Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуін жалғастыруда

Мобильді ХҚО-лар Мақтааралдағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетуін жалғастыруда

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы су тасқынынан зардап шеккен түркістандықтардың құжаттарын қалпына келтіру бойынша жұмысын жалғастыруда.

Бұған дейін апат аймағына Басқарма төрайымы Әсемгүл Балташеваның тапсырмасымен тұрғындардың құжаттарын қалпына келтіріп, көмек көрсету үшін жасақталған 5 мобильді топ жіберілген болатын . Мемлекеттік корпорацияның барлық қажетті құралдармен жабдықталған мобильді ХҚО-лары аудан бойынша орналасқан барлық эвакуациялау пунктерін кезекпен аралап, жоғалған құжаттарды қайта қалпына келтіруге көмек көрсетуде.

Айта кетсек, төтенше жағдай орын алған мамыр айының басынан бастап мақтааралдықтарға корпорация өз есебінен ақысыз түрде 210 техникалық төлқұжат, 245 меншік иесі туралы мәлімет, 872 жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаттарын және құқық белгілейтін құжаттың мұрағаттық көшірмесін беріп, 210 өлшеп-сызу жұмыстарын жүргізді. 492 тұрғын жылжымайтын мүлік дерекқорындағы қателіктерді түзетіп, 1 300 адам қажетті құжаттарын рәсімдеп, басқа да мемлекеттік қызметтер алды.

«Аяқ астынан болған апатта құжаттарымыз су астында қалған. Халыққа қызмет көрсету мобильді тобы ең алғашқылардың қатарында көмекке келіп, эвакуациялау пунктерінде халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мен де мамандардың көмегімен аз уақытта үйімнің құжаттарының телнұсқасын алдым, бәрін тегін рәсімдеп берді. Көмектеріңізге алғыс айтамын», - дейді Жеңіс ауылының тұрғыны Қобылан Өміров.

Қазіргі мемлекеттік корпорацияның 25 қызметкері эвакуациялау пунктерінде жер кадастры және жылжымайтын мүлік құжаттарын қалпына келтіру үшін өтініш қабылдап, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беруді жалғастыруда.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста