Мүгедектер мәселесімен тікелей айналысатын орган керек

Мүгедектер мәселесімен тікелей айналысатын орган керек

Бүгінде мүгедек жандардың онсыз да шектеулі мүмкіндіктерін қоғамның өзі одан да бетер шектеп, «жығылғанның үстіне – жұды­рық» болып отырған сыңайлы. Олардың жү­ріп-тұруына қолайлы жағдай жасауды былай қой­ғанда, біздің ортада мүгедектер жұмысқа бейімі бар адам ретінде саналмайды. Осыдан кейін олар көшеге шығып, қоғамның анықтап берген «жұмысын» атқа­руға мәжбүр болады. Біле-білсек, мүгедек жан­дар­дың ішінде жоғары білімі бар аза­мат­тар баршылық. Олар елдің дамуына, халықтың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуға аса мүдделі.
Негізі, ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде республика бойынша 516,6 мыңға жуық мү­гедек тіркелген. Бірақ «Намыс» атты жоғары білімі бар мүгедектер бірлестігінің төрағасы Қайрат Иманалиев бұл мәліметпен келіс­пей­ді. Оның ойынша, елімізде мүгедек жандар­дың саны одан көп болуы әбден мүмкін. «Се­бебі бізде Семей полигоны сияқты эко­лог­иялық қауіпті аймақтар бар. Білмеймін, бірақ мемлекеттік органдар осы саладағы нақ­ты статистиканы ұсынбай келеді», – дейді Қ.Иманалиев.
Сау бала кемтар баламен ойнамайды
Бүгінде мүгедектерді әбден мезі қылған мәселелердің бірі – құрылыс нысандарын салу кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың емін-еркін жүріп-тұруына қажетті жағдайдың жасалмауы. Еліміздегі архитектуралық және көліктік нысандардың 70 пайызы мүгедектер үшін бейімделмеген. Осының салдарынан олар көптеген мемлекеттік органдарға кіре алмай жүр.
Мәселен, Министрліктер үйінің баспал­дағында пандус бар болса да, ол арқылы өздігімен шығу мүмкін емес. Тіпті Пре­зидент Әкімшілігіне өз күшімен көтерілу мүгедектер үшін арманға айнал­ғалы қа­шан! «Шыны керек, бізде пандустар әшейін сөз үшін ғана жабдықталады. Мүгедекті былай қойғанда, онымен дені сау адам да көтеріле алмайды», – дейді «Намыс» бірлестігінің төрағасы Қ.Иманалиев. Білім беру мекемелерінде де мүгедек бала­лардың емін-еркін сабақ оқулары үшін қажетті жағдай жоқ. Сол себепті мүмкіндігі шектеулі болса да, дарын-қабілеті шек­телмеген жас өрендер заң бойынша тиесілі білімдерін ала алмай жүр. Оған қоса, дені сау балалардың ата-анасы мүгедектердің бәрімен бірдей білім алуларына үзілді-кесілді қарсы екен. «Ондай балалар білім беру сапасын тежейді», – деп ойлайды олар. Мүгедек жандардың ата-анасы онымен келіспесе де, өз балаларын мектепке беруге қорқады. Себеп біреу – сау балалар кемтар құрбыла­рына мүсіркей қарап, олардың психология­лық тепе-теңдігін бұзады. Оның арты онсыз да тағдыр тәлкегіне түскен жандар­дың өмірден әбден түңіліп кетуіне әкеп соқтырады. Бұдан басқа, бүгінде осы екі топтың өзара ұйысып, бірге сабақ оқуына жағдай жасайтын педагог мамандардың кәсіби дайындығы жетіспейді. «Бізді алаңдатып жүрген тағы бір мәселе, ол – мүгедектердің жұмыссыздық проблемасы. Қазақстандағы еңбекке бейімі бар мүге­дектердің тек 3 пайызы ғана жұмыс істейді. Енді қараңыз, егер бізде 516 мың мүгедек бар болса, олардың 490 мыңға жуығы – еңбекке жарамды жандар. Ал 490 мың адамның тек 3 пайызы ғана жұмыс істесе, қалған 97 пайызы жұмыссыз отыр деген сөз. Бұл – масқара. Еуропаны алайықшы, ол жақта, керісінше, мүгедектердің 95 па­йызы жұмыспен қамтылған», – дейді Қ.Имана­лиев.
Конвенция бүгінгі қоғамды өзгертсе игі
Қазақстандық мүгедектер өз құқықтары саласындағы Халықаралық конвенцияның жақын арада рәсімделуін күтеді. Себебі бұл құжаттың негізінде олар өз құқықтарын әлемдік тәртіпке сай қорғап, қоғамдық қатынастарда заңды орындарын анықтай алады. Бұл Конвенция заңды құжат болып саналады. Сондықтан оны ратификацияла­ғаннан кейін, мүгедектер ол құжатты заңды түрде қолдана алады. Конвенция қандай да бір профилактикалық іс-шараларды көздемейді. Оның негізгі мақсаты – мүге­дек жандардың құқығын сақтай отырып, олардың қоғамда толыққанды бейімделуін қамтамасыз ету. Ал ең бастысы, Конвенция мүгедектердің экономикалық тәуелсіздігін көздейді. Оған сәйкес, мемлекеттің барлық стратегиялық жоспарлары мен бағдарла­ма­ларында мүгедектердің мүддесі еске­рілуі шарт. Конвенцияның тағы бір тармағы мүгедек балалардың қабілет-дарынын ары қарай дамытуды міндеттейді. Жалпы, бұл құжатта «мүгедек» деген атау кемшілік ретінде емес, адамға тән әр алуандылықтың нышаны болып қарастырылады. Себебі адамзаттың даму тарихының кез келген кезеңінде мүмкіндігі шектеулі жандар болған. 2008 жылы Қазақстан мүгедек­тердің құқықтары жөніндегі Халықаралық конвенцияға қол қойған болатын. Енді осы құжатты ратификациялау ғана қалды. «Бұл құжаттың маңызы зор. Сондықтан біз оның жақын арада ратификациялануын талап етеміз. Әрине, оны биыл – Қазақстан Тәуел­сіздігінің 20 жылдығы аясында рәсім­десек, орынды болар еді», – дейді жоғары білімі бар мүгедектердің «Намыс» бірлес­тігінің төрағасы Қ.Иманалиев. Бүгінде Конвенцияға 153 мемлекет қол қойып, 105-сі бұл құжатты ратификациялаудан өткізді. Қалған елдер болса, Қазақстан сияқты ескілік психологиядан, қарабайыр көзқарастан арыла алмай отырған болар.
Қоғамның қолдауы аса қажет
Бүгінде Қазақстанда мүгедектердің құқықтарын сақтау және олардың өз ортасында жан-жақты бейімделуін көз­дейтін арнайы ұлттық іс-қимыл жоспары бекітілді. 2012-2018 жылдарға арналған бұл құжат аясында мүгедектер үшін барлық әлеуметтік-экономикалық жағдай жасау жоспарланған. «Әрине, Еуропаның өмірі мен менталитеті бізге келмейді. Сондықтан біз өз кезегімізде Қазақстандағы мүгедек­тер­дің құқығын сақтаудың 12 қағидатын әзірлеп қойдық. Біз білеміз, оның бәрі қабылданбайды. Себебі мүгедек жандар­дың мәселесімен айналысатын нақты орган жоқ. Сондықтан біз мүгедектер мә­селе­сін көтеретін мекемеаралық органның болуын қалаймыз. Ол белгілі бір министр­ліктің құзырында емес, Президент Әкім­шілігі жанынан құрылса дейміз, – дейді Қ.Имана­лиев. Ұйым басшысының хабар­ла­уын­ша, 2012-2018 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары аясында қыруар қаржы бөлінетін болады. «Негізі, бұған дейін де елімізде мүгедек жандарды оңалту және олардың құқықтарын қорғау саласына қыруар қаржы салынып келді. Бірақ бұл қаражатты бақылау мүмкін болмайды. Сондықтан мүгедектер ұйымда­рының араласуымен бюджет қаражатын бақылаудың қоғамдық комитетін құрып, бөлініп жатқан ақшаның тиімді жұмсалуын қадағалау қажет», – дейді ол.
Бір мәселе анық, бүгінде мүгедек жан­дарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдау бар. Бірақ оларға мем­лекет­тік қолдаудан бұрын қоғамның қол­дауы аса қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста