Мұрат Жөребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Мұрат Жөребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

Бүгін ғана ҚР энергетика вице-министрі лауазымынан босатылған Мұрат Жөребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен, ҚР Президент әкімшілігі және қала мәслихатының келісімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Мұрат Жөребеков тағайындалды.

Шаһардың жаңа әкімін қала активіне өңір басшысы таныстырды.

Мұрат Жөребеков 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Strathclyde университетін, Гарвард бизнес мектебін, Қазақстан-Британ техникалық университетін тәмамдаған.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, Лондон қаласындағы «Аджип ККО» компаниясында, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «PSA» ЖШС-да жұмыс істеді. 

2019 жылғы шілдеден желтоқсанға дейін – ҚР энергетика вице-министрі. 

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР бірінші энергетика вице-министрі болған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста