Мұражай күні Астана мұражайларына кіру тегін

Мұражай күні Астана мұражайларына кіру тегін

Мамырдың 18-і – Халықаралық Мұражай күні. Осыған байланысты кеше Астанадағы мұражайлардың басшылары баспасөз мәслихатын өткізіп, өздерінің сол күнгі іс-шараларымен таныстырды. Мұражай күнін атап өту 1978 жылдан басталып, 34 жыл бойы дәстүрге айналып отыр. Біздің елдің мұражайлары да бұл күнді шама-шарқынша атап өтуде.
Астана қаласы ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Самат Тергембаевтың айтуынша, мамыр­дың 18-і күні елордадағы мұражайлардың есігі келем деушілерге айқара ашық, ол күні мұра­жайға кіру тегін.
Астанадағы Сәкен Сейфуллин мұражайының ди­рек­торы Несіпбек Айтұлы да астаналықтарды мұра­жайға келуге шақыруда. «С.Сейфуллин мұражайы тек Сәкен Сейфуллиннің өз басына ғана тоқталып қоймайды, бұл мұражай Сәкен өмір сүрген ғасырдағы қазақ мемлекетінің басынан өткен барлық қиын­шы­лықтар жөнінде, Алаш ардагерлері кешкен нәубет, сондай-ақ Кеңес үкіметіне қызмет еткен партия қайраткерлері туралы мағлұматтарды қамтиды. Ал Сәкеннің өзінің жеке басына қатысты қаншама экспонаттар бар. Жалпы, бас-аяғы 6 мыңнан асады. Мұражай да күрделі жөндеуден өтті. Сондықтан да халықты құшақ жая қарсы алуға дайынбыз», – дейді жазушы Несіпбек Айтұлы.
«Атамекен Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені де мұражай күніне орай біраз шаралардың жоспарын әзірлеп қойыпты. Соның бірі – «Өзгерген әлемдегі мұражай. Шабыттың қайнар көзі мен жаңалыққа ұмтылу» деп аталады. Шараның мақсаты – заманауи мұражайдың атқарылып отырған істерімен жұртшылықты таныстыру. Сондай-ақ шара бағдарламасында Қазақстан мұражай қауымдасты­ғына арналған «Шексіз мұражай» атты бейнеконфе­ренция өткізу де жоспарланып отыр. Бұл мұражай мереке күні сағат 12.00-ден 15.00-ге дейінгі уақыт аралығында тегін жұмыс істейді. Мұражай түрлі байқаулар ұйымдастырмақ. Сондай-ақ «Мұражайда­ғы түн» көркем фильмін де көрермендер назарына ұсыну жоспарланып отыр.
Бұдан басқа «АЛЖИР», «Алтын және бағалы ме­тал­дар» мемлекеттік мұражайының, қазіргі заманғы өнер мұражайының да келем деушілерге есігі ашық болады.
Астана қаласының әкімдігі мұражайдағы экспонат­тарды электронды форматқа енгізу бойынша үлкен бағдарламаны жүзеге асырып жатыр екен. «Мұның мақсаты – Қазақстандағы барлық жәдігерлерді әлемге таныту», – дейді Самат Тергембаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста