Мұстафа Өзтүріктің қарындасы Түркиядағы зілзала кезінде қаза болды
Түркиядағы зілзала кезінде спорт саңлағы Мұстафа Өзтүріктің туыстары қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, құтқарушылар Хатай провинциясындағы Дефне ауданында қираған үйдің үйіндісінен аналы-қызды Нұрай мен Бушра Қазақтың мәйітін тапқан.
Марқұмдар Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. 57 жастағы Нұрай Қазақ – Мұстафа Өзтүріктің туған ағасы Рустам Өзтүріктің қызы. Ұзақ уақыт бойы Иорданияда тұрған ол Хатайға көшіп барған. Қызы Бушра – 31 жаста болған.
Табиғи апаттан ажал құшқан анасы мен қызын туыстары Ыстанбұл қаласында жерлейтіндерін айтқан.
Бұдан үш күн бұрын әлеуметтік желіде туыстары жер сілкінісі кезінде хабар-ошарсыз кеткен Нұрай мен Бушра Қазаққа іздеу салып, жазба қалдырған екен.