«МУЗЕЙ ТҮНІ - 2023» акциясына 15 мыңнан  астам адам жиналды

«МУЗЕЙ ТҮНІ - 2023» акциясына 15 мыңнан  астам адам жиналды

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде 2023 жылдың 18 мамыры күні, «Музейдің тұрақтылығы мен өркендеуі» ұранымен дәстүрлі «МУЗЕЙ ТҮНІ-2023» акциясы 18-ші рет өткізілді. Жыл сайынғы дәстүрлі шараға 15 мыңнан астам адам жиналды. «МУЗЕЙ ТҮНІ-2023» акциясы музейлер қорындағы тарихи-мәдени мұраны сақтаудағы музей қызметкерлерінің еңбегін қолдап және ұлттың игілігін құрайтын құндылықтарды кеңінен насихаттауды көздейді.
ҚР Мемлекеттік орталық музейі 18 мамыр Халықаралық музейлер күніне орай ұйымдастырған «Музей түні» шарасы  жылдағы дәстүр бойынша қазақ өнерінің корифейі, мэтр, Қазақстанның Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанұлының ән шашуымен басталды. Сондай-ақ  тіл жанашыры Асылы Осман, қоғам қайраткері Мэлс Елеусізов салтанатты жиынның құрметті қонақтары болды.

Кеш қонақтарын айтулы мерекемен құттықтаған ҚР Мемлекеттік орталық музейінің директоры Рашида Ерімқызы: «Музей – тарих пен мәдениеттің маңызды нысаны. Ал ата-бабамыздың жүріп өткен жолы еліміздің бай тарихын құрайды. Сондықтан бұл мереке бәрімізге ортақ» деді. Шара барысында бірнеше музей қызметкері марапатталып,  «Жыл үздігі» номинациясының иегерлері атанды.

        Музей түніне мемлекеттік оркестрлер мен музыкалық шығармашылық топтар: «Tengri Group» тобының мүшесі Әсем Көпбаева, Халықаралық байқаулардың лауреаты, опера әншісі З.Алтынбаева, Халықаралық байқаулардың қатысушысы, әнші, актер Тимур Иманжановтар, «IL CANTO» вокалдық тобы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының студенттерінен құралған «Жас Мұқасан» вокалдық ансамблі, Абай атындағы опера және балет театрының солистері Олег Татамиров, Төлеген Рахымбаев, ҚР Халық әртісі М.Серкебаевтың басқаруындағы Алматы қаласы Әкімдігінің концерттік оркестрі, М. Төлебаев атындағы музыка мектебінің оқушылары, «Берен» вокалдық тобы, «Шабыт» және «Кербез» би ансамблдері, «Нәзік» жетігеншілер ансамблі, Бауыржан Тәңірберген, Олжас Шерхан, Қуандық Үсен, Руслан Нұрғали, Гауһар Жұмағұлова және т.б өнер жұлдыздары қатысып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Сондай-ақ Алматы циркінің және Алматы қаласы білім басқармасы, қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығының  әртістері өз өнерлерін паш етті.

       Шара барысында «Музей түні-2023» акциясының ақпараттық серіктесі – CITIX компаниясының PR-директоры – Леонид Нығматуллин, сондай-ақ көркемдік пленэрдің демеушісі – Бас директор Чен Чжицзе бастаған «Kazakhstan Arsha International Cultural Cooperayion LTD» компаниялары да өз ықыластарын білдірді.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Зерлеу» техникасымен эксклюзивті алтын тігу авторлық үйінің  негізін қалаған  Айжан Әбдубаитованың этноколлекциясы да көпшілік назарына ұсынылды. «Музей түні» акциясының аясында бірнеше көрме ашылып, музейдің барлық залында экскурциялар ұйымдастырылып, шеберлік сабақтары өтті. Мәдени іс-шара барысында Орталық музей қоры және жеке коллекциялар негізінде ұйымдастырылған бірнеше жаңа көрме ашылды.

«Ер жігіттің бес қаруы бойында...» көрмесі арқылы музей қонақтары ҚР Мемлекеттік орталық музейінің ерекше қару-жарақ коллекциясымен таныса алады.  Көрмеде қазба жұмыстары барысында табылған археологиялық экспедиция материалдары: найза ұштары, сүңгі, жебелер, қола қылыштар, қанжарлар мен пышақтар, сондай-ақ қазақ ұлттық қарулары – садақ, жебе, қорамсақ, қын, қылыш, қанжар, пышақ, найза, айбалта, сойыл, шоқпар, қорғанысқа арналған жарақтар – дулыға, қалқан, шарайна, кісе белдіктер және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, Екінші дүниежүзілік соғыстары кезінде қолданған қару түрлері де көпшілік назарына ұсынылды.
ҚР Суретшілер одағының мүшесі, сәулетші, суретші, Тамара Волкованың «Көне жәдігерлердің өмірі мен символикасы» атты көрмесінде қылқалам шеберінің 80-нен астам туындылары, сонымен қатар, еліміздің белгілі тұлғалары мен кәсіби суретшілерінің «XXI ғасыр көшбасшылары мен танымал тұлғалары. Бірлескен шығармашылық»  шығармашылық жобасы негізінде туындаған картиналары ұсынылды. Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған аталмыш жоба 100-ге жуық елімізге еңбегі сіңген танымал тұлғалар – Асанәлі Әшімов, Олжас Сүлейменов, Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Бибігүл Төлегенова, Мақпал Жүнісова және т.б. өнер және қоғам қайракерлерінің қатысуымен жүзеге асырылған болатын.

            «Музей түні» акциясының аясында  «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты арт-пленэр ұйымдастырылып, Қазақстанның 15 танымал суретшісі өз туындыларының тұсауын кесті. Қылқалам шеберлері Халықаралық музей күні кәсіби мерекесіне орай  Орталық музейге жаңа жұмыстарын сыйға тартып, музейдің кескіндеме қорын толықтырды. Арт-пленэрдің демеушісі – «Чжунсиньговень» үкіметтік емес ұйымы және 2016 жылы Алматы қаласында құрылып, Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың артуына дәнекер болған «Бүгінгі Жібек жолы» басылымы. 

«Үш діннің бірегей жазба үлгілері: Тәурат, Інжіл, Құран» – «Үш зат-үш тарих» атты көрме аясында музей келушілері ерекше және сирек кездесетін рухани жәдігерлер негізінде, яғни, бұзау терісіне жазылған Тәурат (XIV-XV ғғ.), 1751 ж. жарық көрген Інжіл және Түркияда жазылған Құран (XVIII-XIX ғғ.) сияқты құндылықтармен танысты.

Музей түні шарасы аясында басқа да, атап айтқанда заманауи технологияларды қолданатын сәндік-қолданбалы өнер және дәстүрлі қолөнер түрлері бойынша шеберлік сабақтарын «Шеберлер ауылы» қолөнершілері өткізді. Акцияға қатысушылар киіз басу, жүннен сурет жасау, гипстен фигуралар, кескіндеме, қыш, зергерлік бұйымдар, бисер бұйымдары, кесте тігу, балшықтан модельдеу, көркем керамика, кілем тоқу, ағаш өңдеу және металл өңдеу бойынша шеберлік сабақтарына қатысуға мүмкіндік алды.

Шеберлік сабақтарын Қазақстан және Өзбекстанның белгілі шеберлері, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің студенттері мен оқытушылары, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы жанындағы колледж жас шеберлері, «Salta-Art» арт-студиясы және Алматы Оқушылар сарайының шеберлері өткізді.

Мерекелік шара барысында «Топжарған» этно-мәдени орталығы аңшылар шеруін ұйымдастырып, қазақ саятшылық кәсібін көпшілікке таныстырса, «Сал-сері» этноспорт федерациясының өкілдері ұлттық «садақ ату» спорт түрін, ал Данияр мен Асылгүл Байдаралы «Бес қару» өнерін паш етті.

Балаларға арналған Коворкинг орталығында «Жеті қазына», «Қазақ зергерлік бұйымдары», «Ұлы Жібек жолы» тақырыптарында музейлік сабақтары мен мәдени-танымдық іс-шаралар өткізілді.

Музей қонақтарын сақ патшайымы Томирис пен сақ жауынгері Алтын адам сән-салтанатымен күтіп алды.
Ғасырдан ғасырға жететін ұлттық мұрамызды ұлықтаған кештен Алматылықтар ерекше әсермен тарқасты.

 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста