Нәрестені тастап кету фактілерін хабарламаған медицина ұйымдарына жаза күшейеді

Нәрестені тастап кету фактілерін хабарламаған медицина ұйымдарына жаза күшейеді

Жаңа туған баланы тастап кету оқиғаларын хабарламаған мемлекеттік медициналық ұйымдарға жаза күшейтілмек. Ішкі істер министрлігінің бастамасымен әзірленген бұл ұсыныс «Ашық» НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпараттілшісі.

Атап айтқанда, жаңа өзгеріске сай, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне жаңа 135-1-бабы енгізілмек.

«Мемлекеттік медициналық ұйымдар және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған баланы тастап кету, жетім балалар мен ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың келіп түсуі және жеткізілуі фактісін 3 күнде хабарламауы ескерту жасауға әкеп соғады.

Көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған дәл сол әрекет үшін 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады», - деп жазылған жаңа редакцияда.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамада мұндай норма жоқ. Енді тиісті өзгеріс күшіне енсе, онда бұл бағыттағы істерді қарау құзыреті баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға беріледі. Яғни, баланы тастап кету фактілерін хабарлау, ішкі істер органдарына хат жолдау уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарларына жүктеледі.

Құжат 3 наурызға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Мемлекет басшысына жолданады.

ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста