Назарбаев президенттікке жалғыз үміткер болған: 1991 жылы Қазақстан тарихындағы алғашқы сайлау қалай өтті?

Назарбаев президенттікке жалғыз үміткер болған: 1991 жылы Қазақстан тарихындағы алғашқы сайлау қалай өтті?

Соңғы 30 жылда Қазақстанда президент сайлауы 6 рет өтті. 1991, 1999, 2005, 2011, 2015, 2019 жылдары. Ел тәуелсіздігін алған 1991 жыл ең алғашқы президент сайлауы ретінде тарих беттерінде қалды. Сол кезеңде елдің қандай хал-ахуалы қандай еді? Тәуелсіз Қазақстан сайлауы қандай деңгейде өтті? Stan.kz тілшісі архив деректерін ұсынады. 

Президенттікке жалғыз үміткер – Нұрсұлтан Назарбаев

1991 жылғы 1 желтоқсанда елімізде тұңғыш жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жалғыз – кандидат Нұрсұлтан Назарбаев еді. Сайлаушылардың 88,2%-ы қатысқан сайлауда Назарбаев 98,78% дауыс жинады. Ал 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп атау туралы Заңға қол қойылды.

Орталық сайлау комитеті Қазақ ССР президентін сайлау бойынша ешқандай саяси партия, кәсіби одақ, қоғамдық бірлестіктерден үміткерлерді ұсынысын алған жоқ. Қазақ ССР Жоғары кеңесінен Нұрсұлтан Назарбаевдан басқа ұсыныс түспеді”  – делінді “Казахстанская правда” газетінің желтоқсан айындағы нөмірінде. 

Қазақстандағы тұңғыш сайлау процесі қалай өткен?

“Әрбір азамат жеке дауыс береді, өзге адамдар үшін сайлауға жол берілмейді”, – делінген мәліметтерде.

Архивтен алғашқы сайлау кезіндегі бюллетень үлгісі көруге болады. Онда округ нөмірі, атауы сияқты мәліметтер көрсетілуі тиіс делінген. Сондай-ақ, жалғыз үміткер туралы деректер жазылған.

“Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, 1940 жылы туған, Қазақ ССР президенті, Алма-Атада тұрады, ешбір саяси партияда тіркелмеген, Қазақстанның Жоғары Кеңесімен ұсынылды”, – делінді алғашқы сайлау бюллетенінде. 

Сайлау 1 желтоқсан сағат таңғы 7-ден кешкі 20:00-ге дейін өткен.

Бастапқы нұсқада азаматтар бюллетенде не “қолдаймын” не “жоқ, қолдамаймын” деп дауыс беру керек болған.

1991 жылғы сайлау бюллетень үлгісі

Алайда кейінірек бюллетень үлгісі өзгертіліп онда “қабылдаймын”, ”қарсымын” деген сөздер алынып тасталады. Бұл өзгеріс сайлау процесін барынша жеңілдетумен түсіндірілді. Осылайша, әрбір азамат өзі дауыс беретін үміткердің тегін жазып қалдырады. Ал егер қарсы болса тегін сызып тастайды деп көрсетілген.

Бюллетендерді учаскелік комиссия берген. Олар сайлаушылар тізіміне не жеке басты куәландыратын құжатқа сүйенген. Бюллетень алған азамат тегі тұрған жерге қол қояды. Ал денсаулық жағдайына байланысты сайлау орнына келе алмаған адамдарға комиссия олардың өтініші бойынша өздері тұрақтаған жерде сайлау ұйымдастырады делінген.

Сайлау Қазақ ССР президенті мен Қазақ ССР вице-президенті үміткерлері арасында бірдей жүргізілді. Вице-министр ретінде Ерік Асанбаев ұсынылды. 

Дауыс санағы мынадай позицияларды қарастырған: 

Учаскедегі сайлауға енген тізім;
Сайлауға қатысқан азаматтар тізімі (сайлау жәшіктеріне түскен бюллетендер саны есептеледі);
Қазақ ССР президентіне үміткерге берілген дауыс саны;
Қазақ ССР президентіне үміткерге  қарсы берілген дауыс саны;
Қазақ ССР президентіне үміткерлерінің барлығына қарсы берілген дауыс саны;
Жарамсыз деп танылған бюллетендер саны;

Қазақстан президенттігіне үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау алды сапарының алғашқысы Батыс Қазақстан болды. Одан кейін де еліміздің бірқатар облыстарына барып, кампаниясын сәтті жүргізіп келген. Халық алдында ол бірлік, экономикалық даму, тұтастық жайлы көп айтады.

“Біз бәріміз Қазақстан тұрғындарымыз. Бізді республикадағы барлық адамның құқықтарының теңдігі үшін күресетіндіктен сыйлайды. Жер, жұмыс бәрімізге жетеді. Бізге бірігіп жаңа қоғам құру керек. Ұлтаралық бірлікті сақтау керек. Бұл біздің гүлденуіміздің негізі”, – деген еді Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде. 

“Батыс фирмалары Қазақстанда бір-бірімен бәсекелестікке түсті. Оларды біздің елдегі ұлттық келісім қызықтырады. 74 жылда бізге жүйеміз дұрыс деп айтып келді, алайда осылайша біз әрбір адамды қамтамасыз ету деңгейіне келгенде 60-орынға табан тіредік.

Біз, соғысты жеңген ел, неге ойрандалған Германияның артында қалдық деген ой келеді. Біздің экономикалық жүйе әлемдік бақталастықта жеңілгенін мойындау керек. Демек осы факттен шығып, адамдар психологиясын өзгертіп, шынайы экономикаға енуіміз керек”, – деді президент сайлау алды кампаниясы аясындағы сөзінде.
Назарбаев 1991 жылғы сұхбаттарының бірінде демократия – тәртіп деген теңеу келтіреді. Журналистің өзіне қойылған қысқа сұрақтарына экс-президент былай деп жауап берген. “Қарбалас уақыт кестесінде өзіңізге уақыт бөлуге үлгересіз бе?” деген сұрағына ол “уақыт талабы солай” деп жауап береді. 

“Ана тілі” газетінің 1991 жылдың 5-желтоқсанында шыққан санында “Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Қазақстанның тұңғыш президенті! Оның елбасты болуы жақтап дауыс берген 98,76 процент сайлаушылардың ішінде қатары қалың қауым – ”Қазақ тілі” қоғамының мүшелері де бар” деген ақпаратты кездестіреміз. Онда сол тұстағы президенттің қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе бергені айтылады.  

Сайлау алдындағы Қазақстан: Күрес жоқ, сайлау да жоқ

Қазақстан халқының сайлауға деген қарым-қатынасы қандай болды? Осы сұраққа “Казахстанская правда” газетінің 1991 жылғы желтоқсан айындағы санында шыққан мақаладан ой түюге болады. 

“...Жағдай бір қарағаннан да қиын болып тұр. Оны айна секілді, қоғамдық көзқарастан анық білуге болады”, – делінді мақалада.

Онда Қоғамдық пікірді зерттеу республикалық орталығы жүргізген әлеуметтік зерттеу қорытындысы ұсынылады.  Мақала авторы сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып ой толғайды:

“Қазақстанда сайлау жоқ, себебі күрес жоқ. Тек Н.Назарбаевты жалпыхалық болып тағайындаймыз. Өкінішке қарай, қазіргі кампанияда сайлау алды күрес болмайды. Нұрсұлтан Назарбаев жалғыз ғана үміткер болып тіркелді. Мені алаңдататын бір-ақ нәрсе. 17 миллион халқы бар Қазақстанда Назарбаевқа бәсекелес болатын лайықты көшбасшы табылмағаны ма? Жоқ, Қазақстан адамға “кедей” болып қалған жоқ. Алайда сақалайтындардың бұған тісі батпайды, ал тісі бататындар – қаламайды.

Адамдар шынымен де Қазақстандағы экономикалық жағдайға алаңдаулы. Оны дағдарыстық жағдай деп бағалап отыр. Көп адамда ертеңгі күнге деген сенімділік жоқ”, – деп жазады автор.

Назарбаев сайлау алды компаниясында не айтты?

Экс-президент Назарбаев Алматыдағы кездесуінде сайлауға түсу барысында қазақстандықтардан қолдау сезгенін айтады. 

“Президенттікке үміткер кім болмасын дәл қазір сайлау алды кампания үшін жақсы сәт емес екенін түсініп отырмын. Оның үстіне бір сәтте бәрі өзгеріп кетеді дей алмаймыз, бүлінген елімізді тез қалпына келтіруге уәде ету қиын. Колхох, совхоз, қарапайым адамдар арасында болдым. Ақсақалдар маған қарап: “Бізге сайлаудың керегі не?”, “Бәрі сені біледі, саған сенеді” дейді.  Иә, қазақстандықтар мені біледі, мен бұл салаға жақында келген адам емеспін. Жоғары кеңеспен бірге, басқа ел республикасымен бірге жасап жатқан саясатым сіздерге белгілі”, – деді ол.

Назарбаев өз сөзінде жалпыхалықтық сайлау Қазақстанның демократиялық беделін арттыратынын атап өтті. Оның тәуелсіздігін толықтыра түседі, деді. 

Сонымен бірге, ол өз сөзінде елде проблема көп екенін атап өтті. Алайда жағдайға көрші елдер көзімен қарап көруді сұрады. 

“Ел қирап, экономика құлап жатыр. Көптеген ел басшылары  пәтерлерінде тығылуда, біреулер өз бақытсыздықтырана өзгелерді кінәлап этникааралық қақтығыс тудырып үлгерді, біреулер қара бастарының қамын ойлап жүр. Біз өз тәуелсіздігіміз үшін күресіп, осы жолда біраз жетістікке жеттік. Осы орайда елімізде Таулы Қарабақ сиқты немесе экономикалық бассыздықтарға жол берген жоқпыз”, – дейді Назарбаев.

Әрбір үміткер, президенттікке, депутаттыққа сайланып жатқан үміткер болсын адамдарға жақсы өмір, айқын болашақ сыйлауға уәде береді. Назарбаев өз саяси ұстанымында бағаның көтерілетінін, жұмыссыздықта болатынын ескертеді. Алайда  “қазақстандықтар осы қиын-қыстау кезеңнен аз шығынмен өтуі үшін бәрін істеймін” дейді. 

..”Жамбылдық ұстаздар, жалақыларыңыз ресейдегі әріптестеріңізбен бірдей болады” деп уәде етті ол.

“Біз ешкіммен соғысайын деп жатқан жоқпыз”

Назарбаев сайлау алды кампаниясы аясында берген сұхбаттарының бірінде сол уақытта елдегі өткір мәселелерге тоқталып өтті. Бір қызығы, бұл тақырыптар заманауи Қазақстанда да өзінің өзектілігін жойған жоқ.

Экс-президент әскердегі солдаттар өлімін трагедияға балайды. Осы кезде ол әскери құрылыс бөлімдеріндегі жасөспірімдер енді тек Қазақстан ішінде борышын өтейтін болады деген бастама жасайды. 

Экс-президент Қазақстанда жеке армия болмайтынын алға тартқан. “Біз ешкіммен соғысайын деп жатқан жоқпыз”, деп кесті ол.

Алматыдағы көшелердің атауын өзгерту туралы

Нұрсұлтан Назарбаев сол кезде “Алма-Ата” аталатын қаланың атын өзгерту туралы ойын білдіреді. Ол адамның тегін елдікмекендерге беруге қарсы шыққан еді.

“Топонимика мәселесі өте күрделі. Кезінде осы бағытта қате, кемшіліктер көп кетті. Қазір бәрі қалпына келіп жатыр. Атау өзгертуге қатысты сұраққа демократиялы келу керек. Егер қажет болса референдум өткізу қажет. Елдімекендерді, көшелерге адамның тегін бермеу керек”, – деген еді Назарбаев сол тұста.

Социалистік партиялар жайлы 

Назарбаев демократиялық елде қандай да бір партияның жұмысына тосқауыл болу, оның қозғалысына шектеу жасауға болмайды, деген көзқарасты ұстанады.

“Әрине, фашизм, ұлтшылдық, ұлтаралық араздыққа бастайтын партиялардан өзгелер. Саяси күштер Қазақ ССР заңы аясында әрекет етуі керек”, – дейді ол.

Төрт жылдан соң 1995 жылы наурыздың басында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы сол айда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзарту туралы референдум өткізуді ұсынды.

Сайлауға 91,21% адам қатысып, 95,46%-ы Назарбаевтың президент лауазымындағы өкілеттіктерін ұзартуға дауыс берсе, шамамен 4% -ға жуығы қарсы шықты.

1998 жылғы қазанда үш жыл бұрын қабылданған Қазақстан Конституциясына бірқатар өзгерістер енгізілді, ол президенттің өкілеттік мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартты, мемлекет басшысы үшін жас шектеуін алып тастады. Осыдан кейін депутаттар тобы Нұрсұлтан Назарбаевқа мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдады. Президент бұл ұсынысты қабыл алып, 1999 жылдың 10 қаңтарында кезекті сайлау өтеді. 

Бұл сайлау Қазақстан тарихындағы алғаш рет басқа кандидаттар да қатысқан сайлау ретінде өтті. Оған Назарбаевтан басқа Коммунистік партияның лидері – Серікболсын Әбділдин, республиканың кеден комитетінің төрағасы – Ғани Қасымов және сенатор – Энгельс Ғаббасов қатысты. Сайлау науқаны кезінде телеарналар кандидаттарды эфирге шақырды, үміткерлер БАҚ арқылы халықпен тілдесіп жатты. 

2005 жылы ел президенттігіне ұсынылатын уақыт жақындай түсті. Осы кезде халық арасында сайлаудың нақты уақыты бойынша түрлі пікірталас туды. Сол жылы тамыз айында Назарбаев Республиканың Конституциялық Кеңесіне жүгініп, 2005 жылдың желтоқсанында өтуі керек деп шешті. Осыдан кейін Мәжіліс сайлау өткізу туралы қаулы қабылдап, осылайша 4 желтоқсанға тағайындалды. Алғаш рет сайлау 18 адам қатысуға өз талаптарын білдіріп, солардың тек бесі ғана сайлауға түседі. Нұрсұлтан Назарбаев 12 ауданнан 90 пайыз дауыс жинайды. 

2011 және 2015 жылдары президент мерзімнен тыс сайлау өткізуді ұсынады. Екі сайлауда да жеңіске жетеді. 2011 жылғы сайлауда үміткерлер ішінде Ғани Қасымов, Жамбыл Ахметбеков, Мэлс Елеусізов сияқты азаматтар да қатысады. 

Посткеңестік аумақта ең ұзақ билік еткен Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызда өз еркімен отставкаға кетеді. 

Қазақстандағы соңғы өткен сайлау 2019 жылдың 9 маусымында болды. Онда 71% дауыспен Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетеді. ЕЫҚҰ-ның жариялаған мәлімдемесіне сәйкес, бұл сайлауда бір адамның бірнеше бюллетендерді тастау, тәуелсіз бақылаушыларды санау процесіне араластырмау секілді фактілер тіркелген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста