Назарбаев: Құрылтай отандық әдебиетке, еліміздің рухани әлеміне үлкен бетбұрыс әкеледі

Назарбаев: Құрылтай отандық әдебиетке, еліміздің рухани әлеміне үлкен бетбұрыс әкеледі

Алматыда Қазақстан Жазушыларының кезекті XV Құрылтайы өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, құрылтай делегаттары, арнайы шақырылған қонақтар, Астана мен Алматының бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысуда, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жазушылар Одағы еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі. Одақ мүшелерінің еліміздің мәдени өмірінің дамуы мен моральдық және рухани құндылықтарды нығайтуға, жастарды тәрбиелеу ісіне қосып отырған үлесі мол.

Құрылтайды Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы Нұрлан Оразалин ашты.

Сондай-ақ, құрылтайға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Құттықтау хатында Елбасы Қазақстан Жазушылар Одағының ХV құрылтайының ашылуымен құттықтап, құрылтай жұмысына табыс тіледі.

«Ақын-жазушылардың басты миссиясы – елді рухани байлыққа кенелту, қастерлі құндылығымыз – Тәуелсіздікті нығайта түсуге игі ықпал ету. Бұл орайда бүгінде отандық қаламгерлердің көркем шығармаларына мемлекет тарапынан қаламақы төлеу мәселесі орнықты шешімін тауып, төл әдебиетіміздің бірегей туындылары әлемнің айтулы 6 тіліне аударылып жатқаны елеулі оқиға деп білемін. Бүгінгі Құрылтай отандық әдебиетке, сол арқылы еліміздің рухани әлеміне үлкен бетбұрыс әкеледі, сондай-ақ Жазушылар Одағының жұмысына жаңа леп, тың қарқын береді деп санаймын! Халқымыздың рухани болашағы туралы сүбелі сөздер мен көшелі ойлар айтылып, әдебиетіміздің даму бағдарын айқындайтын салмақты шешімдер қабылданады деп сенемін. Абыз жазушылар мен жас буынның арасындағы, қаламгер мен оқырманның арасындағы рухани сабақтастық нығая берсін» - делінген Елбасының құттықтау хатында.

Құрылтайда Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа құрамын, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа Төрағасын, бақылау-тексеру комиссиясын сайлап, ағалар алқасының құрамын бекіту қарастырылған.

Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет тарапынан жазу­шыларға ұдайы қолдау білдіріп келеді. Атап айтсақ, жыл сайын шығармашыл қызметкерлер мен мәдениет қызметкерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берiледi. Сонымен қатар, екі жылда бір рет Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы тұрақты түрде табысталып келеді.

Мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар жазушы ҚР Президентінің Жарлығымен әртүрлі мемлекеттік наградалармен марапатталды. Елімізде жыл сайын мемлекеттік тапсырыс аясында қазақстандық үздік авторлардың кітаптарын шығару ісі игі дәстүрге айналған.

«2017 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігі «Мәдениет туралы» Заңға кітап шығару бөлігінде тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізді. Бұл түзетулер талай жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан қазақстандық авторларға қаламақы төлеу ісіне қатысты. Аталған Заң қолына қалам ұстаған жазушыларға беріліп жатқан үлкен мүмкіндік, жаңа серпіліс» - деп атап өтті жиынған қатысқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, еліміздің облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық кітапханаларын жаңа кітаптармен қамту мақсатында 2017 жылдан бастап кітап таралымы 5 000 данаға дейін ұлғайтылып, қаламақы беру процесі түбегейлі өзгерді.

Бүгінде республикалық мәдениет ұйымдары мен Жазушылар одағы арасында тығыз байланыс орнатылған. Кітапханаларда Одақпен бірлесе форум, биеннале, кітап көрмелері, әдеби сазды кештер, марафондар, кездесулер, дөңгелек үстелдер секілді іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады.


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста