Назарбаевтың резиденциясы "Қазақмысқа" өтті

Назарбаевтың резиденциясы "Қазақмысқа" өтті

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанадағы резиденцияларының бірі "Қазақмыс" корпорациясының иелігіне өткен, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аbai.kz-ке сілтеме жасап.

Жылжымайтын мүлік астананың Есіл ауданында орналасқан.

 

Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының (БМЖМК) дерегінше, 213201351753 кадастр нөмірімен тіркелген резиденцияға қазір "Қазақмыс корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі иелік етеді. Назарбаев резиденцияға "Жылжымайтын мүліктерді басқару жөніндегі дирекция" компаниясы мен "Елбасы қоры" арқылы иелік еткен. Құқық иесінің қашан және қандай шартпен ауысқаны белгісіз.

 

8 жыл бұрынғы ресми құжаттарда бұл аумақ Қазақстан президентінің астанадағы "Нұра" резиденциясы деп аталған. Мемлекет меншігіндегі мүлік белгісіз жолмен жеке меншікке өткен.

 

"Қазақмыс корпорациясы" - Қазақстанның орталығы мен оңтүстігіндегі кеніштерге, барлау, кен байыту, машина жасау орындарына иелік ететін мекемелердің басын құрайтын аса ірі жекеменшік холдинг. Оған Forbes журналының "Қазақстандағы ең бай кәсіпкері – 2022" рейтингінде 1-орында тұрған Владимир Ким (70%) мен 14-орындағы Эдуард Огай (30%) иелік етеді. Екеуі де та экс-президентке жақын адамдар. Protenge жобасының жазуынша, "Қазақмыстың" кейінгі 4 жыл ішінде Нұрсұлтан Назарбаевтың қорларына 79,4 миллиард теңге қаражат бөлген.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста