Неке сарайынан бұрын денсаулық кабинетіне кіріңіз

Неке сарайынан бұрын денсаулық кабинетіне кіріңіз

Алматылықтарға некеге тұрудан бұрын медициналық тексерістен өту міндеті жүктелмек. Науқас нәрестелер­дің дүниеге келуінің жиілеп кеткеніне алаңдаған дәрігерлер денсаулық кабинеттерін ашуды жоспарлап отыр. Әзірге жүздеген жұптың алтауы ғана бұл ұсынысқа қолдау көрсетті.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқарма­сының бастығы Роза Қуанышбекова «некеге тұрудан бұрын медициналық тексерістен өту ке­рек» деген ұсыныс айтты. Статистикалық мәлімет­терге сенсек, Алматы қаласында дүниеге келетін әрбір 10 баланың төртеуінің денсаулығы нашар. Нәрестелердің туа бітетін кемістігі салдарынан қаза табатындардың саны жөнінен де әлемде алдыңғы қатарда тұрмыз. Р.Қуанышбекованың айтуынша, жыл басынан бері 300-ге жуық бала құрсақта жатып шетінеген және жартысынан астамы – толық жетілгендер. Ал Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, қыз бала­ларымыздың 40 пайызында репродуктивті ден­сау­лық проблемалары бар және қазақстандық ерлі-зайыптылардың 16 пайызы бедеуліктің бейнетін тартып жүр. Алматының ақ халаттылары аудандық АХАЖ бөлімдеріне өтініштерін жеткізіп үлгерген. Мамандардың сөзіне сенсек, алдағы уақытта некеге тұрмас бұрын алдымен денсаулық кабинетіне бас сұғудың міндеттелуі мүмкін. Атал­ған ұсыныс практика жүзінде де іске асырылды. Бірақ бір аптаның ішінде шаңырақ көтерген 200 жұптың алтауы ғана құптаған. Айта кетер жайт, ҚР статистика жөніндегі агенттігі жарты жылдың ішінде тіркелген некелер санын жариялады. Биы­л­­ғы қаңтар-маусым айларында барлығы 70 488 жұп тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстыр­ғанда 5750-ге көп. Ал ажырасу саны 23 239-ды құраса, былтыр 21 340 болған. Халық саны 118 514-ке ұлғайып, жаңа туғандардың саны 187 387-ге жетті. Ал қайтыс болғандар саны – 72 503. Осы­лай, халықтың табиғи өсімі 114 884 адамды құра­ды. Қазақстан халқының саны бір жылда 1,6 па­йыз­ға ұлғайып, 1 шілдеде 16 млн 793,9-ға жетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста