«Нұр Отан» сайлау додасына дайын

«Нұр Отан» сайлау додасына дайын

Елдің басты саяси науқаны туралы ақиқат айтылып, сайлау межесі белгіленісімен, партиялардың арасында алғашқы болып «Нұр Отан» үлкен додаға бел шеше кірісті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығындағы елдің ең үлкен саяси ұйымы өткен жұмада кезектен тыс XIV съезін өткізіп, сайлауалды тұғырнамасын бекітті, Мәжіліске түсетін үміткерлерінің тізімін жариялады.
Конституцияға сәйкес, ендігі күні елде кемінде екі пар­тиядан жасақталатын Мәжіліс жұмыс істемек. Сон­дық­тан да бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек. Өйткені бұл жо­лы сайлаудың бәсекесіне де, саяси партиялардың жа­уапкершілігіне де ерекше мүмкіндік берілмек. Әйтсе де, Мәжілістегі басым орынға басқамен таласпастан, «Нұр Отанның» бір өзі жайғасатыны бесенеден белгілі. Бұған партияның 18 жылдық тәжірибесі мен жұрт алдындағы беделі, әлеуеті де, ең бастысы, төрағасының тұлғалық қасиеті де ерекше сеп болатыны айқын. Оның үстіне, «Нұр Отан» бұған дейінгі әлеумет алдында өзіне алған міндеттерін толықтай орындап, іскерлігімен таныла білді. Сондықтан алдағы ұлы додаға «нұр­отандықтардың» сақадай сай болатынын болжамау еш мүмкін емес.
2017 жылға дейінгі тұғырнама тұғырына қонды
Кезектен тыс съезд барысында алдымен сайлауалды тұғырнаманың басты бағдары туралы Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаев сөз арнап, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында қол жет­кен жетістіктегі партияның сүбелі үлесін айрықша атап өткен болатын. Сөз арасында осыдан бес жыл бұ­рынғы халықтық тұғырнаманың толық орындалғанына, күр­делі кезеңнің сәтті игерілгеніне назар аударылды. Әйт­се де, кешегі өрелі істерден гөрі, алдағы ұлы меже­лер­дің қашан да  маңызды болатындығы тағы рас. Осы­ған орай, «Қазақстан. 2017 мақсаттары» атты ұлттық іс-қимыл жоспарының сайлауалды тұғырнамасы бекіп, он­да келешек бесжылдықтың негізгі бағдары сараланды.
«Біздің ортақ міндетіміз – сайлауалды кү­ресте партиялық мін­дет­теріміздің  түбе­гей­лі мазмұнын әр сай­лаушыға, әр қазақ­стан­дыққа жеткізу. Тәуелсіздіктің үшінші он­жылдығы­ның тарихы бүгін басталады. Сон­дықтан 15 қаңтардағы парламенттік сай­лау – болашақтың ақиқат сәті деуге бо­лады. Мен «Нұр Отан» партиясын қазақ­стан­­дықтардың қолдайтынына сенімдімін. Бізге, нұротандықтарға, тек жеңіс керек! Ол бел­гіленген бағдарламаларды орын­дау­ды жалғастыру және барлық аза­мат­тар­дың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қа­жет», – деп атап өтті Елбасы Нұрсұлтан Әбіш­­ұлы.
Сонымен, «Нұр Отан» қабылдаған сай­лау­алды тұғырнамада басымдық негізгі тоғыз бағыт бойынша тармақталыпты. Атап айтқанда, білім мен ғылым саласында бала­бақшадан бастап, жоғары оқуға дейінгі кезеңнің барлығында сапалы білім­мен қамтамасыз етіліп, мұғалім жалақысын арттыруға күш салынатын болады. Ұлт ден­саулығын нығайту бағытында елдегі өлім көрсеткішін алдағы бес жылда 15 пайызға азайтып, өмір сүрудің орташа жасын 70-ке апару мақсат етіледі. Білім мен денсаулық саласында жаңа нысан­дар­ды іске қосу алдағы бес жыл бойына да жалғасын табатын болады. Тұғырнаманың 2017 жылға дейінгі кезеңінде жаңа әлеу­меттік саясатқа да басымдық беріліп, әлеу­меттік жәрдемақылар кезең-кезеңімен кө­те­рілетіні қамтылады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек пен базалық зейнетақы төлемінің мөлшері күнкөріс деңгейінің 60 пайызына дейін өсетін болады.
Партия тұғырнамасында ауылға да кө­ңіл бөлініп отыр. Мәселен, шалғайдағы тұр­ғындар табысын арттыру мақсатында ауылдық кәсіпкерлікті дамытуға барынша мән беріледі. 3 млн теңгеге дейін шағын не­сиелер жеңілдетілген түрде ұсынылып, өңірге барған бизнеске мемлекеттік қолдау жан-жақты болады. «Ауылдық жерде іспен айналысқысы келетіндер үшін берілетін көмек – 3 миллион теңгеге дейінгі шағын не­сиелер. Ал ауылда жұмыс істей алмай­тын­дарды біз мемлекет есебінен қалаларда оқуға шақырамыз, оларды тұрғын үй­мен қамтамасыз етіп, жұмысқа орна­лас­ты­ра­мыз. Мұны жұртқа түсіндіру керек. Бұл – біз­дің жағдайымызда өте маңызды бағ­дар­лама. Мұнымен қоса, Қазақстанда жұ­мыс­­сыз­дар саны мейлінше аз болуы тиіс. Ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер баршылық. Бірақ ең алдымен адамның өзінің ең­бек етіп, өзінің және өз отбасының тұр­мы­сын жақсартуға деген ниеті болуы қажет. 2018 жылы Қазақстан тұрғындары­ның табыс деңгейі жоғары елдердің то­бына енуі тиіс», – деп атап көрсетті партия төр­ағасы. Бұдан бөлек, ұлттық іс-қимыл жос­парында баспанамен қамту, ком­му­нал­дық шаруашылықты жаңғырту, сосын жас­тар саясатын индустрияландыру жо­ба­сымен ұштастыру мәселелері де жан-жақ­ты қамтылған. Сөз соңында Мемлекет бас­шысы партиялардың қоғамдағы рөліне де на­зар аударып, «Нұр Отанның» келешек жо­лына қатысты көзқарасын білдірді.


«Сайлаудан соң жаңа Үкімет жасақ­талып, министрліктер мен ведомстволар са­­­палық тұрғыда жаңарады. Мұның өзі бар­лық саяси партиялардың жауап­кер­шілігін арттыра түсетіні анық. Бүгінде жаңа жағдайлардағы саяси бәсекелестік мағы­на­сының неде екенін айқын түсінудің ма­ңы­зы зор. Егер әлемге көз салар болсақ, ХХІ ғасырда табысты партияның күші оның әккілікпен сынай білуінде емес екенін аңғарар едік. Партияның күші оның жұрт­шылықты сынақтар соқпағынан алып өту, тұрақтылық пен халық бірлігін нығайта білу қабілетінде», – деген Президент «Нұр Отан» алдындағы бес түрлі міндетті де айқындады. Бұлар, біріншіден, партияда кадр саясатының айқын жүйесін қа­лыптастыру. Бұл ретте аудан мен облыс де­партаменті бас­шысынан бастап, ми­нистрге дейінгі мем­лекеттік менед­жер­лер­дің жауапты қызметтеріне кадрлар ірік­теудегі пар­тияның рөлін күшейту қажет. Екін­шіден, «Нұр Отан» партиясы стра­те­гия­лық мемлекеттік бастамалар жа­сау­дың орталығы болуға тиіс. Үшіншіден, партия басшылығы мен оның Парламенттегі фракциясы қыз­меті­нің біртұтас алгоритмі қажет. Төртіншіден, жаңа тұғырнаманың орын­далуы партия басшылығының қатаң бақылауында болуы шарт. Бесіншіден, электораттық кезеңде «Нұр Отан» партиясы өзге саяси пар­тиялармен, кәсіподақтармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынты­мақ­тастық туралы сай­лауал­ды мемо­ран­думы сияқты құрал­дарды пайдаланатын болады.
Сонымен, сайлауға бел шешіп баратын партияның тұғырнамасы бекіді. Сараласақ, ондай тұғырнамаға «Нұр Отан» әуелден-ақ кіріскені білінеді. Мәселен, бұған дейін партияның «Халық дауысы» акциясы өңір-өңірде айлап өтіп, миллиондаған аза­мат­тар өз аманатын партияға артқан еді. Сол аманаттың иегерлері «Қазақстан. 2017 мақсаттары» атты ұлттық іс-қимыл жос­парының тең авторларына айналып отыр. Оның үстіне, тұғырнама Елбасының «Қа­зақстан-2020» бағдарламасымен де үн­де­сіп, гүлденген Қазақстанда әрбір азаматтың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталады. Сөйтіп, жаңа пар­ламенттік кезеңді қамтитын нұротан­дық­тардың ұлт­тық іс-қимыл жоспары 600-ден ас­там делегаттың бірауыздан қолдауымен бе­кітілді.


Қуаныш Сұлтанов, мемлекет қайраткері:
– Халыққа керегі – жұртшы­лықтың әлеуметтік әлеуетін күшейту. Бұл тұрғыда айта кетерлігі, «Нұр Отан» осыған дейінгі халық алдында жа­риялаған тұғырнамасын толық атқарып шықты. Бұған дейінгі тұ­ғыр­нама үлкен базаның рөлін кө­те­ріп, болашақтың мүмкіндігін ашу­ға септігін тигізді. Ендігі уақытта жұрт­шылықтың әлеуетін арттыру мақ­са­тында жұмыс орындарын көбейту, жаңа технологиялармен жа­рақтанып, азаматтарды жаңа деңгейде оқыту міндеті тұр. Бұл ретте үлкен қалаларға, үлкен өндірістерге қарай қозғалыс болып жатқаны айқын. Мұны мемлекет өз есебімен пайдаланып қалуы керек. Сайлауалды бағдарламаның ең өзекті, ең сүйекті тұсы да – осы. Сондықтан да  «Нұр Отан» қабылдаған тұғырнама халықтың сұ­ранып тұрған қажеттіліктеріне толық жауап береді. Ендеше, сай­лау алдындағы бағдарлама халықтың жүрегіне жетеді деп се­немін.

Нұрлан Әлімжан, Қазақстан Жастар сыйлығының лауреаты, әртіс:
– «Нұр Отан» – біз үшін се­нім­ді бо­ла­шақ пар­тиясы. Сон­дық­тан да бү­гін­гі ат­қарылып жат­қан­ның барлығы бұл ер­тең­гі болашаққа арналған шара деп біле­мін. Оған деген сенім де жоғары. Сонымен қа­тар қа­зақ жастарының өз болашағын Ел­ба­сының же­тек­шілігіндегі «Нұр Отанмен» бай­ла­ныс­ты­ра­тынына да сеніммен қарауға болады. Себебі Пре­зиденттің көтеріп жатқан бастамалары, партия ал­дына қойып жатқан мақсаттардың бар­лығы түп­тің түбінде жастарға, жастардың игілігіне ар­налған.

Мұхтар Алтынбаев, сенатор:
– Тәуелсіздіктің 20 жыл­­дығында қыруар ша­­­ра­лар атқарылды. Жет­­­­кен жетістіктің ішін­де Елбасының төр­аға­лы­­ғындағы  пар­тия­­ның үле­­сі зор деп бі­­лемін. Ен­­­дігі мақсат – қа­­был­дан­­ған іс-қимыл жос­па­­рын бұған дейінгі қар­­­қынмен, бұған дейінгі деңгеймен жүзеге асыру.  Со­нымен қатар елдің ауызбіршілігі қашанда ең қа­­жетті дүние. Бұған барлық күштердің мүдделілігі ке­рек. Біздің алдағы жұмысымыз да осыған негізделеді деп ойлаймын. Ал жұртшылықтың әлеуметтік мәсе­лелерінің қалай орындалуы керектігін Президент Нұр­сұлтан Әбіш­ұлы айғақтап берді. Біздікі – сол бағдармен жү­­ріп, ондай шараларды сапалы орындау.

Ерлан Қарин, «Нұр Отан» ХДП хатшысы:
– «Нұр Отанның» партиялық тізімі сал­­мақты сақа саясаткерлермен, ұлттың бе­­­­делді ұландарымен қалыптасып отыр деп айтуға бо­лады. Үміткерлер ті­зімін­дегі тұлғалардың ба­сым көп­ші­лігі – пар­тия­лық және мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­де бе­делді қызмет ат­қар­ған, не­гізінен, тә­жі­рибелі, салмақты тұл­ға­лар. Мұн­да ұлт мүддесін қозғай алатын жас қай­рат­кер­лер де баршылық. Сонымен қа­тар «Нұр Отан» партиясының алдағы тұғырнамасын тек партия ті­зіміне енген тұл­­­ғалармен өлшеуге болмайды. Яғни партиялық ті­зім­ге еніп отырған адам­дар ғана ертеңгі үкіметтің саясатын анық­тау­мен айналыспайтынын, пар­тияның алдағы бағдарына қатысты са­раптаманы тек партиялық тізіммен қарастыруға келмейтінін ес­кер­ген ләзім. Керісінше, барлық жағдайда партиялық тізімге емес, пар­тияның бағдарламасына көп сал­мақ түсіру керек деп ойлаймын. Мұн­да тоқтала кететін жайт, пар­тия­ның тұғырнамасының іске асуында бо­лып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда сай­­­лауалды тұғырнамада ұлттық, мем­лекеттік мәселелер кеңінен қамтылған.

«Нұр Отан» үкілеген үміткерлерін жариялады
Съезд мінберіндегі сөзі барысында Мем­лекет басшысы төртінші шақырылым де­путаттарының нәтижелі жұ­мыстарына ри­зашы­лығын айтып, олардың көпшілігі қай­та сайланатынына да сенім білдірген-ді. Соған сәйкес, 127 кандидатты іріктеп шық­­қан «Нұр Отанның» тізімінде осының ал­дындағы Мәжілістің 49 депутаты кірігіпті. Бұл жолғы тізім бойында өткен ша­қы­рылымның Ирак Елекеев, Бекболат Тілеу­хан секілді белсенділері болмағанымен, сая­­си салмақтылар арасында тың күштер қо­­­сылғанын аңғару қиынға соқпайды. Рес­­­публиканың Мемлекеттік хатшысы – Қ.Сау­­дабаев, облыс әкімдері – С.Дьяченко, Б.Із­­мұхамбетов, С.Кулагин, Алматы қала­сы­ның әкімі А.Есімов, қоршаған ортаны қор­ғау министрі Н.Әшім Мәжіліске үміт­кер­­лер арасынан көрінді. Жұрт жазбай та­ни­тын танымал тұлғалар, оның ішінде Ха­лық әртісі Ә.Дінішев, әнші Н.Абдуллин, Әлем және Олимпиада чемпиондары Е.Ыб­ы­­райымов, О.Шишигина, Ю.Мель­ни­чен­­ко, А.Винокуров секілді саңлақ­тар да сап­­тан табылған. Соған қарап сарапшылар «Нұр Отанның» партиялық тізімі сәтті жа­сақ­­­талған, салмақты сарапталған деп ба­ға­­лайды.
Дегенмен бекітілген 127 кандидаттың қай­сысы келесі жылдың басынан-ақ үлкен саясаттың қарбаласына қызу араласатынын болжауға әлі ертерек. Өйткені Мәжіліске ке­регі 98 мандат болса, Конституция та­лап­тарына сәйкес, мұның барлығы бірдей жал­ғыз партиядан жасақталмайтыны бел­гілі. Ендеше, үміткерлер тізімі бекітіл­ге­німен, ал­да нұротандық кандидаттарды әлі де іріктеулер күтіп тұр. Оған дейін Орталық сай­лау комиссиясының тіркеуінен өткен партияның белсенділері сайлау додасына қарай тартылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста