Нұр-Сұлтанда "Хан Шатырдан" өрт шықты

Полиция қызметкерлері "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығының аумағын қоршап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ ТЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қарашада сағат 09.42-де 101 пультіне "Хан Шатыр" СОО-ның астыңғы қабатында түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. "Техникалық бөлмеде электр кабельдері өртенді. Өрт 10.36-да 5 қума метр алаңда сөндірілді. Қызметкерлерді әкімшілік өртсөндірушілер келгенге дейін эвакуациялады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға астаналық ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 техника жұмылды. Полиция қызметкерлері сауда ойын-сауық кешенінің аумағын қоршап алды.
Читайте также

Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре

Фанаты "Барыса" получили негативные известия

GTA VI впервые покажут уже в декабре

Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке

"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу

Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу