Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау кеңесі құрылады

Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау кеңесі құрылады

Жануарларды қорғау жөніндегі кеңес Нұр-Сұлтанда құрылады. Оның құрамына жануарлар құқығын қорғаушылар, қоғам қайраткерлері, ветеринария қызметкерлері, ғалымдар, ауылшаруашылық университеттерінің оқытушылары және тәжірибелі ветеринарлар кіреді, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес қалалық әкімдік жанынан жұмыс істейтін болады. Кеңес отырыстары тоқсан сайын өткізілетін болады. Бұл туралы бүгін жануарларды қорғау ұйымдарының өкілдерімен кездесуінде әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков мәлімдеді.

 Ол жануарлар құқығын қорғау, оларды баспанамен қамту, жануарларға мейіріммен қарау мәселелерін реттейтін болады. Жануарлар құқығын қорғаушылар мемлекеттік органның бастамасын қолдады.


Нұр-Сұлтанда ер адам 15 күшікті қапқа салып, ыстық күннің астына тастап кеткен: Енді жануарларды азаптағандар түрмеге қамалады

Сиырлар мен астаналық азаматтың "шайқасы": Полиция үй жануарларының иесін жазалады

"Біз 2017 жылдан бастап қоғамдық кеңес құру туралы әңгімелестік, тіпті қамқоршылар кеңесіне ереже жаздық. Бірақ ешкім мақұлдаған жоқ. Менің ойымша, бұл дұрыс көзқараспен жақсы бастама, мұнда әкімдік тарапынан қоғамдық бақылау мен ұйымдастырушылық қолдау болады", - деді жануарларды қорғау Ассоциациясының президенті Лилия Сарсенова.

Кездесуде жаңа питомникті сенімгерлік басқаруға беру мәселелері де талқыланды.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда үйсіз жануарларға арналған оқшаулау орнында зорланған иттер табылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста