Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Біздің бірлігіміз – Қазақстанның табысты дамуының басты кепілі

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Біздің бірлігіміз – Қазақстанның табысты дамуының басты кепілі

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысында болды. Сапар барысында Мемлекет басшысы облыс орталығындағы бірқатар нысанды аралап, өңірдегі Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы аясында қолға алынып жатқан жаңа жобалармен танысып, этномәдени бір­лес­тік­тердің өкілдерімен кездесті.
Елбасы ең әуелі Өскеменнің ір­гесінде «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында қандастарымызға арналып бой көтерген жаңа елді мекен – Но­во­я­вленка ауылының құры­лысымен та­нысып, жаңа баспанаға кіріп, қоныс тойын тойлап жатқан оралман ағайын­­дармен жүздесті. Солардың бірі – ата­жұрт­қа осыдан төрт жыл бұ­рын қоныс аударған Атан әулеті. Қы­тай­да жүр­генде заңгер, ауыл әкімі се­кілді қыз­меттерді атқарған отағасы Нұрбақыт Атанұлы бүгінде жаңа ауыл­­дың әкімі болып тағайындалған. Президент осы кісінің шаңырағына кіріп, хал-ахуалдарымен танысып, Ұлыс­­тың ұлы күні мерекесімен құт­тық­тап, тоңа­зыт­қыш сыйға тартты.
Айта кетейік, ауыл құрылысының алғашқы кезеңіне республикалық бюд­­жеттен 3,9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Бүгінгі таңда 363 үй, 600 орындық мектеп пен ба­ла­­бақша құрылысы салынып жатыр. Білім ошағына – 436 миллион, ба­ла­бақ­шаға 310,8 миллион теңге бө­лін­ген. Қос нысан күзге салым пай­да­ла­нуға берілмек.
Ауыл құрылысының екінші кезеңі де басталар күн жақын. Бұл кезеңде тағы да 100 баспана салу жоспарланып отыр. Жалпы, бұл ауылда ұзын саны 700 үй салынады деген жоспар бар.
Мемлекет басшысы бұдан кейін Өскемендегі бір кездері жабылып қалып, бүгіндері Үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму бағдарла­ма­сы аясында қайта жөндеуден өткі­зілген Raimbek Vostok Agro сүт зауы­тының ашылу салтанатына қатысты. Зауыт қызметкерлерімен кездесті.
– Шығыс Қазақстан облысы респуб­ликамызда сүт өндіру бойынша бірінші орында келеді. Дегенмен сіздерде өнімнің тек 30 пайызы ғана қайта өңделуде. Сондықтан сіздердің кә­сіпорындарыңыз қазіргі заманғы тех­но­ло­гиялардағы сүт өндірісіндегі қайта өң­деуді арттырудың алғашқы қарлығашы, – деді Елбасы қызметкерлермен кез­де­суін­де.
Зауыт қызметкерлерімен пікірлескеннен кейін Елбасы өңірдегі ірі кәсіпорындардың қызметінен хабардар ететін көрмені та­ма­шалап, әр өндіріс орнының жұмы­сымен жеке-жеке танысып шықты. Содан соң аймақтағы іргелі кәсіпорын мен ша­руа­шы­лық басшыларымен тілдесті. Мемлекет бас­шысы өз сөзінде бүгінде ауыл шаруа­шы­лығы, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келе жат­қанын атап өтті.
– Қазір біз тауарлық ет өнімдерін да­мы­туға шамамен 6,7 миллиард теңге бөліп отырмыз. Бүгінде кез келген ел аза­ма­тының ауыл шаруашылығымен ай­на­лы­су­ға толық мүмкіндігі бар. Мемлекет бар­лық жағдайды жасап отыр, – деді Пре­зи­дент.
Сонымен қатар Елбасы шаруа қо­жа­лық­тарының басшыларына еліміздің Кедендік одаққа текке кірмегендігін, одақ­тың барлық мүмкіндігін толық пайдалану ке­ректігін, әсіресе көршілес елдерге ет өнім­дерін экспорттауды қолға алуды нықтап тапсырды.
Сүт зауытынан кейін Мемлекет бас­шы­сы «Наурыз – достық пен гүлдену мерекесі» фестиваліне қатысып, этно-мәдени бір­лестіктердің өкілдерімен кездесті. Жиынға этно-мәдени бірлестіктердің өкілдерінен бөлек, 5000-ға жуық халық қатысты.
Президент әуелі жұртшылықты Наурыз мерекесімен құттықтап, 5000 жылдық тарихы бар ұлық мерекенің осыдан 20 жыл бұрын ел Тәуелсіздігімен бірге қайтып орал­ғанына тоқтала келе, биылғы жылдың ұлтымыз үшін айрықша жыл екендігіне тоқталды.
– Тарих үшін қысқа мерзім аралығында елімізде қыруар шаруа атқарылды. Жиыр­ма жылдың ішінде біз мемлекетті құрдық. Қазақстанды дүниежүзіне паш еттік. Елі­мізге деген дүниежүзінің құрметінің ар­қа­сында былтыр 56 мемлекеттің бас­шы­ла­ры­ның басын қосқан саммит өткіздік. Биыл Ислам Конференциясы Ұйымына төраға­лық етіп отырмыз. Осының барлығы еліміз­дің ын­ты­мақ-бірлігін, татулығын көрсетеді, – деді Елбасы.

Жиырма жылда ел экономикасы 12 есе­ге өскен. Экономиканың өсімі елдегі зей­нетақы мен жалақының артуына мүм­кін­дік тудырып отыр. Бүгінде әлемнің таң­дайын қақтырған елдің жаңа астанасы бой көтерді. Жыл сайын жаңа зауыттар іске қосылуда. Ең бастысы, елдің басы аман, бауыры бүтін. Қазақстанды мекен еткен барлық ұлт өкілдері бір атаның баласындай береке-бірлікте күн кешуде. Осылардың барлығына шолу жасай сөйлеген Елбасы бұл ретте Шығыс Қазақстанды мысалға келтірді.
– Бүгінде өңірде 105 ұлттың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешуде. 81 этно-мәдени бір­лестік жұмыс істеуде. Шығыс Қазақ­стан­да Қазақстан халқы Ассамблеясының ғажайып құрылымы қалыптасқан. Алты Достық үйі жемісті жұмыс атқаруда. Биыл тағы да екі Достық үйі ашу жоспарланып отыр. Менің есімде, 1992 жылы еліміздегі тұңғыш Достық үйін осы Өскеменде ашқан бо­латынбыз. Өткен жылы қалада тағы да елімізде алғаш болып этноауыл іске қосылды, – деді Президент.
Сонымен қатар Елбасы өзінің биылғы Жолдауында көрсетілген міндеттердің бар­лығы елдің өсіп-өркендеуіне, елдің әрбір азаматының әлеуетін арттыруға, әсіресе ауылдағы өзін-өзі жұмыспен қам­тып отыр­ған қарапайым жұртқа ба­ғы­ттал­ғанына тоқталды.
Мемлекет басшысы еліміздің басты байлығы қазақтың қамқорлығының арқа­сын­да айрандай ұйып отырған ұлт ара­сын­дағы татулық екенін, сол татулықтың шыр­қын бұзбай сақтай білу, қорғай білу елдің әрбір азаматының міндеті екендігін және оның Ата Заңмен қорғалатынын атап өтті.
Жұрт есінде болар, өткен жылдың жел­тоқ­сан айында Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың президенттік мерзімін ұзарту үшін бүкіл­халықтық референдум өткізу жөнін­де­гі бастама осы Өскеменде көтерілген болатын. Мемлекет басшысы осы жиында елді елжіреткен игі бастаманы көтеріп, қолдап-қоштағаны үшін шығыс­қазақ­стан­дық­тарға алғысын жеткізді.
– Сол кезде бұл бастаманы 5 мил­лион­нан астам қазақстандық қолдап, қуаттады. Бұл – еліміздің электоратының 62 пайызы. Біздің бірлігіміз – Қазақстанның табысты да­муының басты кепілі. Күн сәулесі алды­мен жететін шұғылалы шығыс – Абай мен Мұх­тар­дай алыптарды берген алып құрсақ. Менің өкілеттігімді референдум арқылы ұзар­ту бастамасы осы шырайлы шығыс өңірінде көтерілген болатын. Сіздердің ыстық ықы­ластарыңызға шынайы ризашы­лы­ғым­ды білдіремін, – деді Президент.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста