Өмірде барлығы да еңбекпен келеді

Өмірде барлығы да еңбекпен келеді

 Ұлтымыздың ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін еліміздің әр өңірінде азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Кеше Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев осы тұлғалардың бір шоғырына жоғары марапаттарын табыс етті.
Ерлікке пара-пар еселі еңбегі еленгендер арасында мәдениет, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті қайраткерлері, өндіріс, бизнес саласының беделді өкілдері, сондай-ақ құқық қорғау орган­дарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері бар.


– Құрметті қазақстандықтар! Алдымен баршаңызды алдағы Тәуелсіздіктің мерейлі 24 жыл­ды­ғымен шын жүректен құттық­таймын! Бұл – қазақ елінің атын жаһанға жариялаған, бар игі­лігіміздің бастауы болған мәрте­белі мереке. Бәріміз үшін ұлы қуаныш күні! Тәуелсіздік – әр­қайсымыздың ешуақытта еш­теңеге айырбастауға болмайтын ең жоғарғы, мәртебелі құнды­лығымыз, – деді салтанатты рәсімді ашқан Мемлекет бас­шысы.
Н.Назарбаев Ақорда төріне жиылған барлық марапатталу­шылар үшін бұл атаулы күн – «ерекше мерейлі сәт» ретінде есте қалатынын білдірді.


– Қуаныштарыңыз құтты болсын! Біз Азаттықтың арқа­сында ел ретінде еңсе тіктеп, мемлекеттілік тұғырымызды бекіттік. Бұған бүгінгі марапат иелерінің әрқайсысының қосқан үлесі зор. Сіздер өнегелі істері­ңізбен көпке үлгі болып, ел құрметіне бөленіп келесіздер. Өз саласында ерекше жетістіктерге жеткен азаматтарды ең жоғарғы наградаларға лайық деп санай­мыз! – деді ол.
Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Қазақстан бойынша мыңдаған адамның марапатқа ие болғанын хабарлады: осы күні оларға атақ­тары мен ордендерін Президент атынан жергілікті жерлерде әкім­дер мен министрлер тап­сырды.
Сөзін әрі сабақтаған Қазақ­стан Көшбасшысы осы 24 жыл ішінде, яғни тарих үшін қас қа­ғым, тас түсім уақытта тынды­рылған ірі істер мен жасалған ұлы қадамдар арқасында Қазақ­станның үлкен даму жолынан өткенін атап көрсетті:
– Біз мемлекеттілігімізді орнықтырдық. Экономиканы дамыттық. Жаңа қазақстан­дықтарды тәрбиелеп шығардық. Бүгінде біздің жастарымыз шет­елдің озық оқу орындарында білім алуда. Өңірлерде көрігі қызған өндіріс орындарында ең­беккерлер тынбай жұмыс жа­сауда. Биылғы жылы біздің үшін­ші ғарышкеріміз ғарышқа барып, аман оралды. Қазақстан ДСҰ-ға мүше болды. Қазіргі бар­лық экономикалық қиын­дық­тарға қарамастан, біз көп нәр­сеге қол жеткіздік деп ойлаймын. Және осы табыста барша қазақ­стандықтардың үлесі бар! – деп назар аудартты Елбасы.
Президент елімізді экономи­калық дамытудағы және өндіріс­тік қызметтегі аса үздік жетіс­тіктері үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын үш адамға берді. «Биыл осы атақпен «Восточный» разрезінің механигі Р.Әміреновтің еңбегі атап өтіліп отыр. Ұзақ жыл кен өндірісінде жұмыс жасаған ол өз кәсібінің үздік маманы ретінде құрметке ие болды. Екібастұзда талай жылдан бері еңбек етіп, жетіс­тікке жетіп келеді. Балалары да оның жолын қуған, шахтер­лардың тұтас әулетіне айналды. Біз өз елімізді – «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» деп атаймыз. Демек, Еңбек адамы жоғары баға алуға тиіс» деді Н.Назарбаев.


Тараз қаласының «Қазфосфат» кәсіп­орнының бас директоры М.Искандиров те осы биік марапатқа қол жеткізіп отыр. «Мен оны жеке білемін. Оның бүкіл қызметі фосфорлық өнеркәсіппен тығыз байланыс­ты. Бұл салаға өмірінің 30 жылдан астам уақытын берген. Ол өңірде біздің фосфор­лық қорларымызға сүйенген ірі өнеркәсіп құрылуда. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашы­лығының дамуына ықпалын тигізеді» деді Мемлекет басшысы.
Президент «Еңбек Ері» атағын иеленген Қостанай облысының «Алтынсарино» ЖШС-ның басшысы Б.Князевпен де «бұрыннан бері таныс» екенін жеткізді: «Ол 40 жылдан астам уақыттан бері аграрлық салада тер төгіп келеді. Еліміздегі ең про­грессивті шаруашылықтардың бірін басқарады. Өз ұжымына үлкен қамқор­лықпен қарайды. Ауылды абаттандыруда. Оның ісі тек облысқа ғана емес, респуб­ликаға үлгі деген ойдамын».
Нұрсұлтан Назарбаев «Отан» орденімен белгілі әнші, композитор Ескендір Хасан­ғалиевті марапаттайтынын хабарлады: «Оның әндері халықтың рухын көтереді. Бүгінгі ұрпақты отансүйгіштікке баулиды. Бәріміз оны білеміз!»
«Парасат» ордені «Назарбаев универ­ситетінің» президенті, жапон халқының зияткер өкілі Шигео Катсуға берілді: «Ол бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге елеулі үлес қосты. Бізге эксперт ретінде көмектесті. Оның басшылығымен «Назарбаев университеті» халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орнына айналды» деп жоғары бағалады Қазақстан Көшбас­шысы.


Елбасы ІІ дәрежелі «Достық» орденіне «Корё» Жамбыл облысының корейлер қауымдастығының президенті Л.Кан ие бол­ғанын айтты: «Кан басқаратын этно­мәдени бірлестік этносаралық және кон­фессияаралық келісімді нығайтуға үлкен үлес қосты. Ол Қазақстан халқы ассам­блея­сының жұмысына белсенді қатысады. Ал биылғы жылы ассамблеяның 20 жылдығы атап өтілді».
– Дана халқымыздың «еңбек пен бақыт егіз» деген нақыл сөзі бар. Қазақстанда қа­лыптасқан Еңбек қоғамының бүгінгі бей­несі осыған дәлел. Сондықтан биыл алғаш рет «Еңбек даңқы» деген орденді тағайын­дап, оны тек қана еңбек адамдарына тап­сырып отырмыз. Бұл орденнің ІІІ дәрежесі бар, соның барлығын алған адам «Еңбек Еріне» теңеледі! Орденмен Атыраудағы Каспий құбыры консорциумының опера­торы Е.Жұмағалиев, Теміртаудан металлург М.Ибраев, аға шопан К.Сейтен­бекова марапатталады, – деді Н.Назарбаев.
Президент «Қазақстан Республика­сының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» орденін Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулинге және Қызылорда облысының әкімі Қ.Кө­шер­баевқа, І дәрежелі «Барыс» орденін Мәжіліс төрағасы Қ.Жақыповқа, ІІ дәре­желі «Барыс» орденін Л.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Сыдықовқа өз қолымен тапсырды.


Бір топ белгілі ғалымдар мен мәдениет, білім қайраткерлері, өндірістік сала өкіл­дерінің еңбегі «Парасат» орденімен атап өтілді, олардың арасында әнші Н.Абдулин, артис Л.Кәден, академик Ө.Мәдиев және басқалары бар.
Бұған қоса, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да мате­риал­дық өндіріс салаларының 52 жұмыс­шысы «Еңбек даңқы» орденінің алғашқы иегерлері атанды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайрат­кері» құрметті атағы ғылым, мәдениет және әлеуметтік саланың 50 көрнекті өкіліне берілді. Қазақстанның Құрмет грамота­сы­мен 326 адам наградталды.


Салтанат соңында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға қайырылды:
– Өмірде барлығы да еңбекпен келеді. Еңбек адамдары баршаға үлгі болсын. Еліміздегі барлық салаларда еңбек етіп жат­қан азаматтар экономикалық қуатты құру­да, ал бұл – барлық істің тұғыр-базисі. Әлеуметтік сала да, қорғаныс та, ішкі қауіп­сіздік те – бәрі-бәрі экономика негізінде қалыптасады. Келе жатқан мерекелер құтты болсын! Барлықтарыңыз табыстан табысқа жете беріңіздер. Сіздерге және отбасыла­рыңызға зор денсаулық тілеймін! – деп қорытты сөзін Нұрсұлтан Назарбаев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста