Ондаған елді мекенді топан су басып қалды

Ондаған елді мекенді топан су басып қалды

Оңтүстік Қазақстан облысында арық-жылғалардың толып қалуына байланысты ондаған елді мекенді топан су басты. Жүздеген адам қауіпсіз аймаққа бас сауғалауға мәжбүр болды. Тасқыннан Арыс пен Түркістан қаласының тұрғындары да зардап шегіп отыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан хабарламаға қарағанда, Оңтүс­тік Қазақстан облысында су тасқыны ақпанның 18-і күні басталған. Бұған күн­нің күрт жылып кетуі мен толассыз жауған жаңбыр себеп болды. Арыс қаласының Монтайтас елді мекенінде ағын суларға арналған арық толып қалып, арнадан асқан тасқын 19 үйдің ауласын басып қалды. Төтенше жағдайларға жауапты мамандардың мәліметінше, баспана­ларға зақым келген жоқ. Тұрғындар қауіп­сіз жерге көшірілді. Дүйсенбіге дейін 80 метр­дей жерге биіктігі 70 см болатын бө­гет тұрғызылған. Монтай­таспен бірге, Орда­басы ауданындағы Темірлан, Са­рыағаш ауданындағы Мақташы, Мұ­рат­баев, Көкбұлақ, Ақжар, Қияжол, Қо­ңыртөбе, Саттаров, Атақоныс, Ұшқын, Аманжер, Алғабас, Жаңақоныс, Қара­бура, Қызыләскер, Қазығұрт ау­данындағы Мол­бұлақ, Төле би ау­данындағы Забадам елді мекендері мен Түркістан қаласының бір ауданын да су басты. Ордабасы ауда­нын­дағы Найма­нарық каналы тасып, Темір­лан ауылын­дағы 120 ауланы және Те­мірлан – Арыс тас жолын шайып кетті. 500 адам қауіпсіз аймаққа көшірілген. Қазіргі мезгілде су басқан өңірлерде арықтар қазылып, ағын елді мекеннен жыраққа айдалып жатыр. Топан судан ең көп жапа шеккен Сарыағаш ауданында арықтар қазылып, бөгеттер орнатылуда, Ұшқын елді мекені маңында алты бөгет тұрғызылып, тасқын Ұшқын каналына бұрылды. Көкбұлақ елді мекенінен топан суды шығару үшін ауыл іргесіндегі көлік жолын бойлай тереңдігі 3 метр болатын 20 метр жыра қазылды. Су егіс алқабына қарай бұрыл­ды. Түркістан қаласында су басқан 40 үйдің ауласы тазартылып жатыр. Та­биғи апат салдарын жоюға және тұрғын­дарға көмек көрсетуге жергілікті төтенше жағдайлар қызметімен бірге, №28237 әс­кери бөлімі, Республи­калық жедел құт­қару тобы, Оңтүстік ай­мақтық аэроұт­қыр же­дел құтқару тобы, Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департа­мен­тінің жедел құтқару және өрт сөндіру­шілер тобы, Қызылорда об­лысының су­дан құт­қару қызметі, Тө­тенше жағдайлар ми­нистр­лігінің әуе көліктері, Апат меди­ци­­насы орталығы да жұмыл­ған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста