Оңтүстіктің қасиетті орындары туралы кітап үш тілде шықты

Оңтүстіктің қасиетті орындары туралы кітап үш тілде шықты

Түркістанда «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі жерлері» мен «Оңтүстіктің қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты қос кітаптары жарық көрді. Кітаптардың тұсаукесеріне ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, оқырмандар мен ғалымдар, журналистер және өзге де азаматтар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған мәдени шараны Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  салтанатты түрде ашып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген туындылардың маңыздылығына тоқталды. Қос  кітаптың құндылығы туралы айтып өтті.

«Облысымызда 2 құнды кітап жарық көріп, тұсауы кесілгелі тұр. Бұл екі кітап оқырман үшін өте  қажет дүниелер. Біз өз тарихымыз бен туған өлкеміздің сан ғасырдан бері келе жатқан шежіресін білу арқылы ұлттық болмысымызды, ұлттық кодымызды сақтай аламыз. Бұл кітаптар рухани жаңғыру үшін өте маңызды. Қысқасы, мұндай кітаптар оқырманға жетіп, рухани қазынадан әрбір азамат сусындауы тиіс», - деді Жансейіт Түймебаев.

Үш тілде шығарылған  «Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи орындары мен киелі  жерлері» атты кітап-фотоальбомда Түркістан облысының тарихи орындары түгел көрсетілген. Мұнда киелі орындар мен ескерткіштер туралы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде мәлімет беріліп, суреттермен көмкерілген.

Ал, «Оңтүстік қасиетті орындары: аңыз-әпсаналар» атты кітабында  Түркістан облысындағы әулие-әмбиелер мен ел аузындағы тұлғалар туралы аңыздар мен әңгімелер жазылған. Бұл кітапта  көне замандардан сыр шертетін әпсаналар мен қызықты деректер мол.

Сонымен қатар, осы күні «2017 жыл: айшықты оқиғалар» атты кітап та оқырманға жол тартты. Бұл кітапта өңірдегі өткен жылғы айрықша оқиғалар қамтылған.


inform.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста