ОҚО-да ер адамдар секілді сақалы бар әжей қалай өмір сүріп жатыр? (фото)

ОҚО-да ер адамдар секілді сақалы бар әжей қалай өмір сүріп жатыр? (фото)

Ерлердікі секілді сақалы бар кейуана Оңтүстік Қазақстан облысында тұрады.  Ауыл ішінде «сақалды апа» атанып кеткен әженің бүгінгі тіршілігі әлі де жұрт назарында. тілшісі жаратылысы ерекше жанға арнайы барып, тілдесіп қайтты.

67 жасқа қадам басқан Мутабар  Тораева Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Тұрбат елдімекенінде тұрады. Бір ұл, бір қыз өсірген ана алты немеренің ақ жаулықты апасы атанып отыр. Жолдасы Мұрат Тораев  55 жыл бойы аяқ киім жөндеп, отбасын баққан.«Мен өзім жұмыс істемегенмін. Күйеуім аяқ киім жөндеп, отбасын асырады. Оның бұл өмірден озғанына 5 жыл толды. Марқұм жолдасым мені үнемі мақтан тұтатын. Туған-туыс, дос-жаранның жиындарына үнемі қасына ертіп алатын. Жанында жүрген мені жұртқа «әйелім ерекше жан» деп айтып жүретін. Менің Құдай берген ерекшелігіме өмірінің соңына дейін риза болып кетті», - деп әңгімесін бастады «сақалды апа».Айтуынша, Мутабар апаға алғаш рет сақал отыз жылдан астам бұрын шыққан. Оны байқаған жолдасы алғашында таңырқағанымен, кейін үйреніп кеткен.«Бірақ, өзім бойымдағы бұл өзгеріске аса қатты таң қала қоймадым. Себебі өзімнің анамның да, нағашы апамның да сақалы бар болатын. Үлкен әпкеме де сақал шыққан. Бірақ, ол жұртшылықтан ыңғайсызданып, қырып тастайтын», - деді Мутабар апа.Кейуана дәрігерлерге де қаралғанын жасырмайды. Ақ халаттылар ағзасында ешқандай ауытқушылықтың жоқ екенін айтқан.Мутабар апаның үйіне барарда мекенжайын біраз іздеуге тура келді. Тұрбаттық бір-екі тұрғыннан жол сілтеуін сұраған едік, ешбірі танымайтын шықты. Тек «сақалды апа» дегенімізде «солай деп айтпайсыздар ма?» деген тұрғындар апа тұратын үйге барар жолды қиналмастан көрсетті. Айтуларынша, Мутабар ананы тұрбаттықтар «сақалды апа» атап кеткен.Жаратылысы ерекше апа осы күнге дейін сақалына ұстараның тілін тигізбеген. Оның өзіндік себебі де бар көрінеді. Осыдан бірнеше  жыл бұрын дүниеден озған бір туыстарының асына барып, сонда құран оқылған соң дастархан басында көзін алмай отырған бір келіншек келіп, өз кеңесін берген екен.«Апа, сіздің әулетіңізде дін жолын ұстанып, молда атанғандары бар ма?» деп төтесінен сұрақты қойып қалыпты әлгі адам. «Иә, өз атам да, нағашы жағымдағылар да танымал молда болған» деп жауап берген Мутабар апа. Сонда бейтаныс әйел «Сіздің бұл болмысыңыз, Алланың сізге берген сыйы. Сақалыңызға ұстараның ұшын да тигізбеңіз. Әйтпесе қатты сырқаттанып қалуыңыз мүмкін» деген көрінеді.«Сақалды апа» кейін туыстары арқылы өзіне кеңес берген бейтаныс әйелдің көріпкелдік қасиеті бар екенін білген. Көріпкел жанның осы сөзінен кейін ерекше жан соның сөзіне құлақ асқан.«Осы бір ерекшелігімнің арқасында көбі мені таниды. Кейбіреулері таңсық көріп, тіпті суретке түсіріп те жатады. Алланың берген сыйына қиянат жасай алмаймын. Өзім Өзбекстанға жиі барып тұрамын. Шекарадағы қызметкерлер де әбден танып алған. Еш кедергісіз өткізіп жібереді», - деді зейнет жасындағы әже.Дегенмен, алғашында кей шекарашылар апаны «уахабшы» деп күдіктенген де екен. «Бірақ, журналистердің арқасында небір телеарналар мен газет-журналдар мен туралы ақпарат жариялаған соң, шекарадағылар да мені біртіндеп тани түсті» деген «сақалды апа» балалары мен немерелері де өзін мақтан тұтатынын жасырып қалмады.«Жақында ғана бір туысым Ресейге барып келген. Ондағылар да мен туралы біледі екен. Тіпті Америка елі де мені таниды екен. Бүкіл әлемге танылып отырмын. Қуанбағанға не істейін?»,- деп ағынан жарылды апа.Мутабар апамен көрші тұрып келе жатқан Сабура Гаипова ол кісіні өзінің енесіндей көріп кеткен.«Мен тұрмысқа 1988 жылы шықтым. Содан бері апамен көрші тұрамын. Сол кездің өзінде апаның сақалы болатын. Бүгінгідей емес, қою қара түсті еді. Әрине, алғашында таңырқай қарағанмын. Мен келін болып түскен соң екі жылдан кейін күйеуімнің анасы бақилық болды. Содан бері Мутабар апаны өзімнің енемдей көремін. Үнемі ақылын айтып, қол ұшын беріп тұрады. Тату-тәтті тұрамыз. Құдай қосқан осындай көршімнің болғанына қуаныштымын», - деді «сақалды апаның» көршісі.Бүгінде Мутабар апаның сақалының ұзындығы 17-18 см-ге жуықтап қалған. Ақ түсіпті. Бірақ, ол кісі сақалын бояу  туралы еш ойланбаған.Көршісі Сабира: «Апаның шашын анда-санда бояп беріп тұрамын. Сонда қалжыңдап, сақалыңызды да бояйық деп қоямын. Бірақ, енемдей болып кеткен көршім үзілді-кесілді қарсылық танытады», - дейді.Айтпақшы, Мутабар апаны алғаш көрген жандар ер адам деп ойлап қалады екен.  Дегенмен бұл  зейнеткер үшін таңсық пікір емес. Құлағы үйреніп қалған. «Расымен де мен ерекше жанмын. Жұрттың таңырқай қарауы – заңдылық. Ол үшін еш қысылған емеспін», - деп әңгімесін тәмамдады «сақалды апа».Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар NUR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста