Оралда өртенген мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр

Оралда өртенген мектептің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр

Оралда отқа оранған мектеп-лицейдің күзетшісі ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, 66 жастағы азамат түтінге тұншығып қалған. Қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy AstanaTV-ға сілтеме жасап.

 
Қызыл жалын ғимарат ішіндегі 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір бүлінген жер қоршауға алынып, мектепте сабақ тоқтатылды. Бүгіннен бастап білім ошағындағы 26 кластың бәрі де онлайн оқу режиміне көшіріліпті. Онлайн-сабақтың қашан аяқталары әзірге белгісіз. Мектеп басшылығы анықтаушылардың шешімін күтіп отырғанын айтады.

«5-сыныптың кабинеті өртенген. Қасында тұрған ағылшын тілі кабинеті өртенді. Төбе мен жар күйе-күйе. Кабинеттің парталары өртеніпті. Жоғарыдағы шамдарының бәрі», - деді №28 мектеп-лицейінің директорының орынбасары Әлия Дүйсеғалиева.
Әзірге тілсіз жау электр желісінің қысқа тұйықталуынан болған деген болжам айтылып отыр. Яғни, мектеп күзетшісі электр қуатын ажыратпақ болған кезде токқа соғылған. Түтінге тұншығып, уланған оған жедел көмек көрсетіліп, сыртқа шығарылған. Қазір мектепке қанша шығын келгені анықталып жатыр.

«Өртті жоюға Департаменттен 54 адам жеке құраммен 13 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің нәтижесінде өрттің үлкен аумаққа таралуына жол берілмеді. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен оған кінәлі тұлғаларды және материалдық шығынды анықтау бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр», - деді облыстық ТЖД басқамра бастығы Мереке Жұмағалиев.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста