Оралда такси жүргізушісі студент қызды зорлаған

Оралда такси жүргізушісі студент қызды зорлаған

Орал қаласында inDriver қосымшасы арқылы келген такси жүргізушісі танысымен бірге студент қызды зорлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қоғам белсендісі, блогер Александр Цойдың хабарлауынша, 7 тамыз күні Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитын 3-курс студенті қыз құрбысының үйіне қонаққа барған. Кешке inDriver қосымшасы арқылы такси шақырып, көп ұзамай келген көлікке отырады.

«Келген көліктің ішінде тағы бір ер адам отырды. Мен оны жолаушы деп ойладым, ештеңеге алаңдамай көлікке отырдым», - дейді жәбірленуші.
Алайда, біраз уақыттан кейін жүргізуші бағытын бірден өзгертіп, есіктерді жауып, қала сыртына бет алған. Жүргізуші адам жоқ жерге тоқтап, сыртқа шыққан сәтте көліктегі жолаушы қызға тап береді.

«Ол мен қарсыласпас үшін ұрып-соғып, тұншықтыра бастады, көмектесетін ешкім болмады. Содан кейін зорлады», - дейді студент.
Кейін қызға такси жүргізушісі зорлық жасаған. Сондай-ақ, қос күдікті зардап шеккен бойжеткенді құс фабрикасы ауданындағы үйге апарып, түні бойы зорлаған. Таңға жақын есі кіресілі-шығасылы қызды үйіне әкеліп тастайды.

Жәбірленуші бірден полиция шақырады. Сол күні-ақ телефон нөмірлері бойынша зорлаушылардың жеке басы анықталып, полицияға жеткізілген. Алғашқы жауап алу кезінде олар өз әрекетін мойындаған. Оларға адам ұрлығы, заңсыз бас бостандығынан айыру, ерекше қатыгездікпен жасалған және кісі өлтіру қаупімен байланысты бірнеше рет топтық зорлау фактісі бойынша айып тағылды.

Аталған іске байланысты мән жайды білу үшін редакция Орал қаласы Полиция департаментіне хабарласты. Баспасөз қызметі бұл іс бойынша әзірге пікір білдіре алмайтындарын мәлімдеді.

«Аталған іс бойынша экспертиза тағайындалады. Қосымша ақпарат хабарланады»,- деді ПД баспасөз қызметі.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста