Оралмандар орталықта бас қосатын болды

Оралмандар орталықта бас қосатын болды

Семейде оралмандарға арналған орталық ашылды. Бұл Қазақстанда ресми түрде жұмысын бастаған үшінші орталық болып саналады. Олардың бірі – Ақтауда болса, екіншісі – Қарағанды қаласында ашылған. Мұндай игі істің басталуына 2008-2015жж Еңбек және әлеуметтік сақтау министрлігі дайындаған «Нұрлы көш» бағдарламасы себеп болды. Мақсат – оралмандар қауымдастығын қолдау және елімізде бейімдеу орталықтарын ашу. Қолға алынған игі іс Семей шаһарында жалғасын тапты. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Тұрсынғазы Мүсәпірбеков қатысып, орталықтың лентасын қиды. Мұндай шараның өткеніне басқаны қайдам, оралмандар дән риза болды. Енді Отанына оралған қандастарымыздың көкейіндегі «қалай тегін қазақ тілінде жазу, сөйлеу сауаттылығын ашуға болады? Қалай компьютерлік негіздеріне үйренуге болады? Қайда заңгердің көмегіне жүгінуге болады?» – сынды түрлі басқа да сауалдарға жауапты Семей қаласы әкімшілігінің серіктестігімен БҰҰ даму бағдарламасы және БҰҰ еріктілер бағдарламасы қолдауымен құрылған «Оралмандардың экономикалық-әлеуметтік интерграциясының дамуы» бағдарламасы шегінде ашылған «оралмандарды бейімдеу және әлеуметтік шоғырландыру» орталығынан алуға болады.

Аталған бағдарлама өз жұмысын 2009 жылдың ортасынан бастаған. Жобаның негізгі мақсаты – осал топтарға, әсіресе әйелдер мен балаларға, оралмандар мен босқындарға, жастар мен кәрі адамдарға және мүгедектерге нарық, тауар қызмет көрсету жүйелері бойынша мүмкіншіліктерін нығайту және әлеуметтік қауіпсіздіктеріне кепілдік беру.

Орталықтың негізгі өткізетін іс шарасына келсек, орталық оралмандарды бейімдеуге қызмет көрсетеді, оның ішінде оралмандарды кәсіби оқыту және қайта дайындау.

Тәбілтай Шарив, оралман:
– Қазақстанға келген соң оралмандарға азаматтық пен үлес /квота/ алу керек, ал бұл сұрақты тек Көші-қон комитеті және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы мемлекет қана шешеді. Бірде- бір мемлекеттік орган оралмандар үшін тегін оқыту курстарын ұйымдастырмайды. Осы оралмандарды бейімдеу және шоғырландыру орталығы қазақ, орыс тілдерінен сауат ашу , компьютерге үйрету және ҚР заңдарын үйрету арқылы көптеген мәселелерді шешуге арналған. Бұл білімдерді білген жергілікті қауымдастыққа оралманның сіңіп кетуіне көп септігін тигізеді деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста