Орысша сөзді ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде "хит" болды (видео)

Орысша сөзді ұмытып қалған Шымкент әкімі желіде "хит" болды (видео)

Халыққа есеп беру жиынында "жем" сөзінің орысшасын білмей қалған Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов халықтың күлкісіне қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент басшысы тұрғынның сұрағына жауап берген сәтінде "жем" сөзінің орысшасын ұмытып қалған сыңайлы. Орыс тілінде сөйлеп жатқан ол артынша күрмеліп қалады. 

 
"Жемді не дейтін еді орысша? Жем... Орысша", - дейді Әйтенов күліп. 

Артынша "корм" дегенді естіген әкім ары қарай сөзін жалғастырады. 

Әлеуметтік желі қолданушылары Әйтеновты қолдай жөнелді. 

"Жарайсыз, Орысша бәрін білу міндетті емеспіз", - деп жазып жатты олар. 


Айта кетейік, бұл әкіммен кездесуде орын алған жалғыз ыңғайсыз жағдай емес. Есеп беру отырысында әкім сұраққа жауап беріп жатқан сәтінде жарық кенеттен сөніп қалған. 

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сөз сөйлеп тұрған кезде трибунадағы елтаңба гүрс етіп құлап түскен еді. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста