Өскеменге «экологиялық апат аймағы» мәртебесін беру керек пе?

Өскеменге «экологиялық апат аймағы» мәртебесін беру керек пе?

Өндірісті қала – Өскеменнің экологиялық ахуалы мәз емес екені әлімсақтан белгілі. Қоршаған ортада кездесетін зиянды заттардың салдарынан әртүрлі сырқатқа шалдығып, аурухана жағалаған адамдар қатары соңғы бір-екі жылда тіптен көбейіп кетті қалада. Әсіресе бұл жағдай дәрігер мамандардың ана мен бала денсаулығына қатты алаңдаушылығын туғызып отыр. Қарапайым халықтың қабырғасына бататын да – осы проблема.
Ресми мәліметтерге сенсек, Өскеменнің экологиясы жыл­дан-жылға жақсарып келеді, ауаның негізгі лас­таушы көзі болып табылатын шаһардағы ірі кәсіп­орындар өн­дірістік қалдықтарды тазартатын заманауи сүзгілермен және тазартқыш құралдармен тас түйін жабдықталған. Олар­дың жұмысын тиісті орындар то­лық бақылауға алған, табиғатқа қылдай қиянат кел­тіруге жол бергіз­бейді... Бәлкім, солай да шығар, деген­мен мұның нәтиже­лері тұрғындар денсаулығына оң әсерін тигізіп жатқаны шамалы. Осы орайда жер­гілікті жердегі қоғамдық ұйым­дар бірлесіп, Өске­менге экологиялық апат аймағы мәрте­бесін беру қажет деген бастама көтеруде. Мұндай қадамға барудың да себебі бар, ол – тұрғындардың денсаулығы.
Халқының саны жағынан Алматыдан бірнеше есе кем бола тұра, анемия сырқатына шалдыққандар көр­сеткіші бойынша екі есеге асып түсетін Өскеменде әрбір оныншы ана мерзімінен ерте босанады. Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығының директоры Рая Рахимо­ваның айтуынша, қаладағы әрбір үшінші әйел перзентханаға «ұрық гипоксиясы» дертімен келіп түсетін көрінеді.
Рая РАХИМОВА, Шығыс Қазақстан облысы Ана мен бала орталығының директоры:
– Біздің орталық пен ҚР педиатрия және хирургия ұлттық ғылыми орталығының бірлесе отырып жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде біраз мәліметке қол жеткіздік. Айталық, Алматыда топы­рақтың ауыр метал­мен ластануы қалыпты жағдай­дан 1,2 есеге асып түссе, Өскеменде 10 есеге жо­ғары. Сол сияқты то­пырақтың мырышпен ластануы – бес есеге, жеміс-жидектер мен көк­өніс­тердің, сүттің қорғасынмен ластануы 3,2 есеге көп. Кішкен­тай балалардың тырнақтары мен шашындағы қор­ғасын мен мырыштың құрамы 1,5 есе артық. Өске­мендегі өндірістік қал­дықтардың әсерінен балалар­дың бронхалы демікпесі мен онкоауруларға шалды­ғуы өсіп келеді. 2011 жылдың алғашқы жартысында онкоаурулардан екі бала қайтыс болды. Егер бұлай жалғаса берсе, адамдардың денсаулығына үлкен қауіп төнуі әбден мүмкін.
Ана мен бала орталығының директоры экологиялық жағдайды бағалауда ең бірін­­ші адамдардың денсаулығы тұруы тиіс екендігін, сондықтан тез арада сауық­тыру шараларын қолға алу қажеттігін жет­кізді.
Иә, мемлекеттің баға жетпес байлығы – халық, оның денсаулығы. Ата Заңымызда солай деп жазылған. Ендеше, түтінге тұншыққан тұрғындардың жайына көз жұма қарамағанымыз абзал.
– Өскемен қаласының ауасы жылдан-жылға ластанып барады. Мұның салдары қала тұрғындарының денсаулығына ора­сан зор зиян келтіруде. Жыл сайын адамдар шамамен 200 келідей әртүрлі зиянды қал­дықпен тыныстайды. Соның ішінде кәсіп­орындардан шығарылатын заттардың үлесі баршылық. Соңғы жылдары зауыт­тардан бөлінген улы заттардың рұқсат етілген шекті көлемі сақталмай отыр. Мысалы, оның көлемі рұқсат етілген нормадан аспауы керек болса, бізде бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайды. Сондықтан шаһарға экологиялық апат аймағы деген­нен гөрі, төтенше экологиялық ахуал қалыптасқан аймақ мәртебесін беру қажет. Сол арқылы өңір жұртын алаңдатқан мәселе­лердің түйінін тарқатуға мүмкіндік туады. Ушыққан жағдайды реттеудің бір­ден-бір жолы – осы, – деп түсіндіреді қо­ғамдық кеңестің экология бойынша жұ­мыс­шы тобының төрағасы Геннадий Корешков.
Алайда эколог маманның мына пікірі­мен кейбір әріптестерінің келіскісі жоқ. Олар­дың ойынша, мемлекет пен кәсіп­орындардың ымыраласып атқарған іс-әрекеттерінің арқасында Өскеменнің ауасы жыл сайын жақсарып келеді.
– Қалаға мәртебе берудің қажеті жоқ. Қазіргі уақытта онсыз да экологияны жақсарту бағытында көптеген іс атқарылып жатыр. Заң талаптары да күшейтілген. Мәселен, «Қазцинк» ЖШС, «ТМК» АҚ, «ҮМЗ» АҚ сияқты ірі кәсіпорындарда өн­діріс қалдықтарын бірнеше сатылы сүзгіден өткізіп барып, сыртқа шығаратын талап­тарға сай тазартқыштар орнатылған. Заңды аттағандар жауапқа тартылады. Бақылаушы органдармен қатар, қоғам өкілдері де зауыттардың жұмысын қадағалап, қал­дықтардың зияндылығын анықтауға ат­салысуда. Бұдан бөлек, қосымша тексеру бекеттері жұмыс істейді, олар әр сағат сайын қаланың экологиялық жағдайы туралы деректер беріп тұрады. Тізе берсек, осы сияқты нақты жүзеге асырылып жатқан ша­руалар аз емес. Олай болса, босқа байбалам салудың не керегі бар?! Өскемен­ге экологиялық апат аймағы мәртебесін беру қисынсыз және біздегі ахуал оның (экологиялық апат аймағы мәртебесін беру. – С.Ә.) талаптарына сәйкес келмейді, – дейді Ертіс экологиялық департаменті Шығыс Қазақстан филиалының бас мама­ны Наталья Сергеева.
Департамент қызметкерінің сөзіне құ­лақ ассақ, төтенше экологиялық ахуал қа­лыптасқан жағдайда заңға сәйкес мынадай іс-шаралар атқарылуы тиіс: біріншіден, қоршаған ортаны ластаушы нысанның (кәсіп­орындар, зауыттар, өнеркәсіп орын­дары. – С.Ә.) қызметіне шектеу қойылады немесе толық тоқтатылады; екіншіден, та­биғат ресурстарын қайтадан қалпына кел­тіру жұмыстары қолға алынады; үшінші­ден, сол жердің тұрғындарын уақытша не бол­ма­са тұрақты түрде қауіпсіз аймаққа көшіру іске асырылады; төртін­шіден, ка­ран­тин белгіленіп, міндетті санитарлық-эпидемия­лық шаралар жүргізіледі. Осы ауандағы басқа да бірқатар жұмыс эколо­гиялық апат орын алған уақытта міндетті түрде орын­далуы қажет. Сонымен қатар қалаға апат ай­мағы мәртебесін беру үшін алдымен тиісті сала мамандарынан жасақ­талған ар­найы комиссия құрылып, барлық шарт бойынша кешенді тексерулер жүр­гізіледі. Содан кейін жұмыстың қорытын­дысы Қор­шаған ортаны қорғау министр­лігіне жол­данады. Барлық құжат мұқият қа­ралып, қойыл­ған шарттарға сай келетін болса ғана мәртебе беру туралы шешім қабыл­дана­ды.

Эко-дерек
ШҚО статистика департаментінің хабарлауынша, 1489 мың тонна зиянды қалдықтың 147 мың тоннасы – ауаға шығарылатын зиянды заттар. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға жоғары. Мәселен, Өскемен қаласының әрбір тұрғынына – 195 келі, Риддерде – 159 келі, Зыряньда – 106 келі, Семейде 90 келі уланған ауа тарайды екен.
Exclusive журналы анықтаған зерттеулер нәтижесіне сүйенсек, еліміздегі экологиясы ең нашар, ластанған аймақ «атағын» Шығыс Қазақстан облысы «жеңіп» алған. Соның ішінде үш бірдей ірі кәсіпорынды бесігінде бөлеген Өскемен қаласының алатын орны ерекше. Демек, қаланың экологиялық жағдайын қалпына келтіруге қарекет жасау – күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе. Өнеркәсіптердің өнімі өз алдына, ал адамның өмірі – ең басты құндылық.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста