«Отан сақшысы – Часовой Родины» газеті 70-ке толды

«Отан сақшысы – Часовой Родины» газеті 70-ке толды

Сонау 1943 жылдары Ұлы Отан соғысындағы  жауынгерлердің рухын жанып, жақсылықтың жаршысы болған «Отан сақшысы – Часовой Родины»  газетінің шыға бастағанына биыл 70 жыл толды. Бүгінде сол ҚР ҰҚК Шекара қызметіне қарасты «Отан сақшысы – Часовой Родины» газеті әскери журналистиканың игі дәстүрін жалғап, осыдан 70 жыл бұрын көтерген жалауын төмен түсірмей келеді.
Мұрағатта сақталған газет тігінділерін ақтарыстырып отырып, басылымның сол кездің өзінде мыңдаған жауынгердің рухын көтергеніне көз жеткізуге болады. Ең алғаш «Қазақстан шекарашысы» («Погра­ничник Казахстана») атауымен жарық көріп, 1954 жылдың 30 сәуірінде «Часовой Роди­ны» болып өзгертілген басылым Қы­зыл Тулы Шығыс шекара округінің жетістік­тері мен ерліктерін жариялауда ерен еңбек етті. Тіпті Кеңес Одағы  деңгейінде ақпарат тарататын салиқалы басылымға айналды. Еліміз Тәуелсіздігін алып, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ана тіліміз қанатын кеңге жая бастаған тұста, яғни 1994 жылы сол кездегі ҚР ҰҚК төр­аға­сының орынбасары – Шекара қызме­тінің директоры генерал-лейтенант Болат Сейітқазыұлы Зәкиевтің қолдауымен ба­сы­лым «Отан сақшысы – Часовой Родины» деген атауға ие болып, жаңа сипатта екі тілде жарық көре бастады. Осылайша ба­сылым мемлекеттік шекараны күзету сала­сын­дағы қазақ тілінің дамуына да сүбелі үлес қосты.  Сол жылдары қатарға жаңа қо­сыл­ған қазақтың жас журналистері Бір­лік Ақшолақов, Кенжебек Сейтмұхам­медов, Тамара Дәулетбаевалар осы сала­да­ғы мемлекеттік тілдің мәртебесінің биік болуына ықпал ететін мақалалар жазып, газетке тың серпіліс әкелді. Басылым қазақ­ша жазылған мақалалардың санына ғана емес, сапасына да көп мән беріп, елі­мізде кенже қалған әскери журналис­тиканың көшін өрге сүйреуге тырысты. Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, запастағы полковник Сағидолла Сиқымбаев сынды тұлғаларымыз басылым бетінен жаңа айдарлар ашып, әскери жур­налистиканы дамыту бағытында тыңнан тү­рен салды. Халықаралық «Золотое перо границы» сыйлығының лауреаты, полков­ник Нұрлан Сағымбаев газетіміздің көп жыл­дар бойы басқарып, әскери салада қалам тербейтін қазақ журналистерінің шоғы­рын қалыптастырды. Бүгінде аталған әс­кери басылымның тізгінін қаламы қарым­ды қаламгер, подполковник Кенже­бек Сейтмұхаммедов  басқарып отыр. Кен­жебек Сейтмұхаммедов журналистиканың қара қазанында қайнаған басылымды шығарып қана қоймай, әскери салада өзекті, оқылымды мақалалар жазып, жас­тарға үлгі көрсете алып отыр. Оны аға буын өкілдерінің ізін басып, әскери журналисти­ка­ның көшін жалғап келе жатқан жас журналистердің атын атау арқылы дәлел­дей аламыз. Олар: капитандар Р.Кагенов, А.Әубәкіров, Н.Сахов, Г.Алшынбекова,
Қ.Тұрапов, лейтенант Д.Сеитов және кіші сержант М.Қасабековалар. Жас та болса қаламы қарымды осы тілшілер бүгінгі таңда газетіміздің мерейін өсіруге атсалы­сып келеді. Тағы бір атап өтерлігі, газет ардагері, Халықаралық әдеби байқаудың иегері Е.Грасевич те өзінің мол тәжірибесін жастарға үйретуден аянып қалған емес. Осындай мол еңбектің арқасында биыл басылым басшысы Кенжебек Сейтмұхам­мед­ов 2013 жылғы ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атағын иеленіп, ұжымның мерейін асқақтатып тастады. Сөз соңында ұлттық қауіпсіздігіміздің күре тамыры саналатын мемлекеттік шекараның ыстығына күйіп, суығына тоңа білген газетіміздің ғұмырлық жылдары мен өмірлік жолдары ұзақ болғай демекпіз!
Д.СЕЙІТОВ, лейтенант

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста