Отандық ұшақтарды қалай «ұшықтаймыз»?

Отандық ұшақтарды қалай «ұшықтаймыз»?

Ұшаққа күнде болмаса да, ілуде бір отырар алдында тілімізді кәлимаға келтіріп, иманымызды үйіретінді шығардық. Ұшақтарды бір емес, дүркін-дүркін «ұшық» айналдыруы осылай демеске лаж қалдырмай барады. Жеті қат көкке көтерілген әуе кемесінің опа бермеуі отандық компанияларды абыройдан айырды. Ұшақтары «ұшына» беретін біздегі әуе компанияларының жағдайы жайбарақаттықты көтермейді. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енеміз деп алдымызға айқын мақсат қойғанда, әуе қатынасында ши шығып жатқаны қайбір жақсы атақ дейсіз?! «Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» деген сөз рас па, кім білсін? Шілдеде Ақтөбеде тағы бір әскери ұшақ құлады. Оқу-жаттығу жұмыстары кезінде құлаған Л-39 бортындағы Әуе қорғанысы институтының курсанты мен әдіскері оқиға орнында көз жұмды. Әскери авиацияның да азаматтық авиациядан озып кеткені шамалы болып тұр.

Ұшақтарды неге «ұшық» айналдырып кетті?
ИКАО-ның «қара тізіміне» ену оңай болғаны­мен, одан шығу жеңілге түспейтін түрі бар. 2009 жылдың шілдесінде жүргізілген ИКАО аудитінің нәти­жесінде «Эйр Астана» АҚ-нан басқа 59 қазақстандық әуе компаниясы Еуроодақтың «қара тізіміне» енді. ИКАО аузын жиып үлгерген жоқ, апат та көбейіп барады. Қазіргі уақытта 59 әуе компаниясының 37-сі осы тізімді «толықтырып» тұрғаны да ешкімге жасырын емес.
Мысалы, әріге бармай-ақ, биыл 29 қаңтардағы 21 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатын айтсақ та жетіп жатыр. Ол отандық авиацияның тынысы тар, өрісі де кең еместігін көрсетті. Бұл тағы бір мәрте ащы сабақ арқылы жария етілді. Сондықтан әуе нарығымыз әзірге Жаратқаннан жатып-жас­тана жақсылық тілеуді ғана қажет етеді. Өйткені көкке көтерілген ұшақтың қауіпсіздігіне кепілдің кемігені бірінші рет емес.
Үкімет былтырғы жылы ИКАО аудитінің ескер­ту­лерін жою және қазақстандық әуе компания­ларының Еуропалық одаққа мүше елдерге ұшуға қойылған шектеулерін алып тастау жөніндегі ведомс­тво­аралық іс-шаралар жоспарын бекітті. Онда Азаматтық авиация комитетінің бақылау-қада­ғалау міндетін атқаратын инспек­торларының штаттық санын және инспекторлар жалақысын саланың білікті қызметкерлерінің жалақысы мөлшеріне дейін көбейту, азаматтық авиация саласының нормативтік-құқықтық актілерін ИКАО-ның талаптарына сәйкестендіру, азаматтық авиация саласына үздіксіз және толық бақылау, қадағалау жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының авиация әкімшілігінің қызметін автоматтандыру шаралары қарас­тырылған.

Жалпы, авиация деген ұшақ қа­на емес проблема. Онда про­бле­ма томардай-томардай екен. Ұш­қыш дайындаудан басталған авиа­ция­ның түйінді мәселелері қыл аяғы әуежайдың талапқа сай жауап бер­мей­тіндігімен барып түйінделеді.
ҚР Азаматтық авиация акаде­мия­сын­дағы болашақ ұшқыш мамандарды тә­ж­і­ри­беден өткізетін ұшақтың жоқтығын айт­қан жанайқайлар да жағдайдың қан­­ша­лықты екенін көрсетсе керек. Ұш­қыш­­тарды дайындаудағы олқылықтар да жо­йылады деген болатын министр Асқар Жұмағалиев. Атап айтқанда, Азаматтық авиация академиясының базасында ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік бойын­ша оқыту және біліктілікті жетілдіру бағы­тын­дағы бірыңғай орталығын ашу қарас­ты­рылып жатыр деп БАҚ жарыса айт­қан-ды. Жөн-ақ. Әйтпесе авиация ака­де­миясынан шыққан ұшқыштар ұшаққа отырып көрмеді дегенді бөтен біреу естісе, ұят-ты! «Өлімнен ұят күшті» емес пе?
Соңғы жылдары 10 рейске субсидия бөлініпті. (Бірақ сонда да ұшақ билеттерінің құны «ұшып» тұр. Қарапайым адамның қал­тасы көтермейді). Отандық әуе компа­ния­лары – 16, келесі жылы тағы 14 әуе кемелерін сатып алмақ. 2020 жылға дейін 56 жаңа әуе кемеміз болады екен. Қа­лың бұқараның ұшаққа отыруы маң­да­йына жазылмаса да, елдің амандығы үшін бұған да шүкір дейміз...
Еліміздегі көлік атаулыға жауапты Көлік және коммуникация министрлігі елдегі 18 әуе­жайдың бәрі 2016 жылға қарай ИКА­ЦО-ның талаптарына сайма-сай келе­ді деп уәде берген болатын, ант-су ішпесе де.
Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев биылғы жылы «Сер­ти­фи­каттар бойынша жолаушы тасымалымен тұрақты айналысатын авиакомпаниялар міндетті түрде IOSA-ның аудитінен өтеді. Бұл ретте ИКАО-ның болжауы бойынша қай­та сертификаттау нәтижесінде кейбір авиа­компаниялар өз жұмысын тоқтатуы ық­тимал. Бұл ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, Қазақстан авиациясының «қара ті­зім­нен» шығуына ықпалын тигізетін болады» деген-ді.
Әуе компанияларының әлеуеті неге кем?
Нарық енгелі өмірге бәсекелестік деген ұғым да қоса енді. Әйтсе де, сол бәсеке­лес­тік жағынан келгенде, шындығы керек, біздің ұпайымыз түгел емесі қай салада болса да көрініп қала береді. Бәсекелессіз мо­нополия да миығынан күліп жүр. Аза­мат­тық авиация саласы да бұдан ада емес. Бәсекелестіктің жоқтығынан қарапайым адамның ұшаққа мінуі арманға айналды.
ҚР Көлік және коммуникация министр­лі­гінің мәліметінше, қазіргі уақытта елі­міз­де 53 әуе компаниясы тіркелген. Олардың 15-і халықаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асырады, соның ішінде үшеуі тұ­рақты тасымалмен айналысады. 12 ком­пания халықаралық жүк тасымалдарын, тағы 12 әуе компаниясы – авиациялық, 14 ком­пания авиахимиялық жұмыстарды орындайды. Халықаралық және ішкі жо­лау­шы тасымалдарының 80 %-ын ұлттық әуе тасымалдаушы «Эйр Астана» іске асырады. 17 %-ын – SCAT әуе компаниясы, 3 %-ын басқа компаниялар орындайды.
Ғаламторда жария етілген деректер елімізде тұрақты рейстерді 6 қазақстан­дық әуе компаниясы орындайды екен. Атап айт­қанда: «Эйр Астана» АҚ, «SCAT» авиа­ком­паниясы» АҚ, «Жетісу» авиа­ком­па­ния­сы» АҚ, «Иртыш Эйр» авиаком­па­ниясы» АҚ, «Жезқазған Эйр» авиа­ком­паниясы» АҚ, «Семейавиа» АҚ. Ал енді осы­лардың арасындағы азулысы – «Эйр Ас­тана» АҚ, SCAT авиакомпаниясы». SCAT-қа се­нім­сіздік қаңтардағы апаттан ке­йін асқынды.

Түйін орнына
Отандық авиацияның бүгінгі жағдайын жақсарту үшін қайтпек керек? Әуе қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бұған үкіметтік дең­гейде бетбұрыс, қолдау қажет деседі бір пікірлер. Жоғарыда атап өт­кеніміздей Үкімет авиацияға қырын қарап отырған жоқ. Көзі түзу. Суб­сидиясын да беріп қояды екен. Алайда одан жақсарып кеткені ша­малы авиацияның. Оған бәсекелестің жоқтығын тіркеп қойыңыз. Қандай істе де монополияның орын алуының ақыры жақсылыққа апармайтынын көріп жүрміз. Бірақ содан алған сабағымыз жоқ...Ұшақпен көкке көтерілер алдында көңілімізде күдік тұратынын несіне бүркемелейік? Ол күдік қашан сейіледі? Әзірге ол да беймәлім...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста