Өзен-көлдер тұрақты бақылауға алынды

Өзен-көлдер тұрақты бақылауға алынды

Алматы облысында селдің алдын алу үшін өзен аңғарларын тазарту, бөгеттерді нығайту мен жағалауларды қоршау жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 12 плотина, 20 дамба қалпына келтіріліп, жалпы ұзындығы 27 мың шақырым болатын өзен аңғарлары қоқыстан тазартылды.
Көктемгі су тасқынына қарсы шаралар Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов басқаратын жұмыс тобы­ның өңірді тікұшақпен бақылауы барысында пысықталды. Төтенше жағдай­ларға жауапты жұмыс тобы Қаратал, Ескелді, Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандары мен Талдықорған, Текелі қалаларының аумағын жоғарыдан бақылап шықты. Қызылсу басуы мүмкін бұл өңірлерде сақ­тық шаралары күшейтілген. Тұрғындарға қауіптің алдын алу қажеттігі ескертілді. Осы кезге дейін 30-дан астам бөгет нығай­тылып, 60-қа жуық су өткізу нысанының бойы тазартылған. Өзен арналарында да тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Бола қалуы мүмкін апаттар үшін 365 инженерлік техника сайланып қойылған. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Қазселденқорғау» ММ-нің бөлімше­лері­мен бірге Өссек, Тышқан, Бұрхан, Боро­ху­д­зир, Қора, Текелі, Қапал, Биен, Ақсу, Сар­қан, Басқан, Лепсі, Тентек, Жаманты, Қас­ке­лең, Үлкен және Кіші Алматы, Талғар, Баянкөл, Шелек, Кеген, Текес, Шілік, Қар­қара өзендері мен Есік, Көлсай көлдерін күн сайынғы тұрақты бақылауға алған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста