Панфилов дивизиясының жауынгерлері 101 жасқа толды

Панфилов дивизиясының жауынгерлері 101 жасқа толды

2022 жылғы 10 қыркүйекте әйгілі Панфилов дивизиясының соңғы жауынгерлерінің бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаев 101 жасқа толды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
 
 
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Ниязтай Әлкешевтің басшылығымен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері және ардагерлер Кеңесінің төрағасы запастағы полковник Асатулла Құлахметов ғасыр куәгерінің шаңырағына арнай барып, еселі еңбегі мен ғибратты ғұмырын айрықша атап, ардагерді мерейтойымен құттықтады.

5571 әскери бөлімінің оркестрі соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Ал ұландық жауынгерлер өз кезегінде ардагерге құрмет көрсетіп салтанатты шерумен жүріп өтті.

Бүгін біз, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагері, аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының солдаты Қайырлы Уатайұлы Жонқабаевты құттықтауға келдік. Жыл сайын ардагерлерге құрмет көрсету біздің дәстүрімізге айналды. Біз олардың Отанға жанқиярлық қызмететуінің, соғыс жылдарындағы көзсіз ерліктерінің үлгісінде өскелең ұрпақты тәрбиелейміз. Өкінішке орай, жыл өткен сайын ардагерлеріміз азайып келеді. Сондықтан біз оларды назардан тыс қалдырмай, қамқорлық танытып көңілдерін аулауға тырысамыз, - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Нязтай Әлкешев.
(Қайырлы Уатайұлы 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы ШҚО Құлжа орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1941 жылы қазан айында Панфилов дивизиясының 23-ші гвардиялық полкіне Қызыл Әскер жауынгері болып алынды.

Ардагер соғысқа басынан аяғына дейін қатысқан. 8-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында пулеметші болған, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада борышын өтеген. Белоруссия, Польша, Эстонияны азат етуге қатысқан. 1943 жылы ақпанда Ржевтегі қанды майданда ауыр жараланған, жеңісті Дрезденде қарсы алды.

Соғыстан кейін Самар аудандық атқару комитетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. Әрі қарай аудандық тұтынушылар одағының жүйесінде басшылық лауазымдарында болған. 1970 - 1983 ж.ж. Алматыдағы общепит жүйесінде шаруашылық есептерінің директоры болды. 1983 жылы құрмет демалысына шықты, бес бала тәрбиелеп өсірді.

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз», және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін» медальдарымен және басқа да көптеген медальдармен марапатталған).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста