Патент жүйесін жолға қоймай, ұлттық құндылықтардан түгел айырыламыз

Патент жүйесін жолға қоймай, ұлттық құндылықтардан түгел айырыламыз

Балқашта бой көтеретін жы­лу электр стансысын са­лу туралы Қазақстан мен Ко­рея­ның біріккен жобасы осы­дан екі жыл бұрын рәсім­дел­ген. Өткен сессияда Пар­ламент әлгі келісімді қа­был­дап тастаған секілді еді. Сөйт­сек, Балқашта стансы са­луға заңдық негіздер толық қамтылмағанға ұқсайды. Кеше Мәжілістің жалпы оты­рысында Премьер-министрдің орынбасары – индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Балқаш ЖЭС-іне қатысты келісімнің өзгерістерін төменгі палата депутаттарына мақұлдатып қайтты.
Әсет Өрентайұлының айтуынша, Қазақстан мен Ко­рея арасындағы келісім негізінде Балқаш ЖЭС-і жоба­сына акционер ретінде қазақстандық тараптан «Самұрық-Энерго» АҚ, ал корей тарапынан «Корея Электрик Пауэр Корпорейшн» мен «Самсунг Корпорейшн» кіріп отыр. «Хаттамамен келісімнің 2-бабына өзгеріс енгізіледі, ол бойынша Үкімет жалпы тарифті, қаржыландыру ауқымын, стансының жүзеге асы­рылу мерзімін анықтайтын болады. Корея Респу­бли­касы бұл хаттамаға қол қойған. Құжатты қабылдау Бал­қаш стансысын салу құрылысын бастауға мүмкіндік бе­реді», – дейді Әсет Исекешев. Сондай-ақ келісімде қол­да­нылатын терминдерді электр энергети­касы, та­биғи монополиялар мен реттелетін нарық субъек­ті­лерінің инвестициялық қызметі мәселелері бойынша  сәй­кестендіру үшін де өзгерістер енгізіледі. Сөйтіп, Мә­жіліс мақұлдаған заң жобасы ел дамуындағы маңызды жо­баны жүзеге асыруға серпін бермек.
Айтпақшы, жобаны қаржыландыру жағына келсек, оның құрылымы қарыздық қаржыландыруды (70%) және акционерлер жарналарын (30%) құрайды. Бұл ретте «Балқаш ЖЭС-і» АҚ-ға: «Самұрық-Энерго» АҚ (25%+1 акция), «Самсунг Си энд Ти» корпорациясы (75%+1 акция) пропорционалды қатысу үлестеріне тартуды көздейді. «Егер жалпы қаржыландыруға кел­сек, корей тарапының жеке қатысуы 900 млн долларды, ал қазақстандық тарап атынан «Самұрық-Энерго» АҚ қатысуы 300 млн долларды құрайды. Бұл – жоба құны­ның 30 пайызы, қалған 70 пайызы қарыздық қаржы­лан­дыру ретінде және негізінен кореялық «Эксимбанк» тарапынан көзделіп отыр», – дейді Әсет Өрентайұлы.
Жалпы отырыста Мәжілістегі «ақжолдық» депутат Ал­мас Тұртаев Үкімет басшысына сауал жолдап, онда қа­зақтың ұлттық тағамын халықаралық деңгейде па­тент­теуге назар аударды.

Қазақтың асықпайтын мінезіне алаң­да­ған депутат өзімізге тән асымыздан айы­ры­лып, оны өзгенікі ретінде қабылдауға ту­ра келетініне мән береді. Сосын осы мә­се­леге Үкіметбасы Серік Ахметовтің жедел түр­де қолдау көрсетіп, арнайы бағдарлама жасау қажеттігін алға тартады. Бақсақ, мұ­ның да жаны бар екен. Шындығында, елі­мізде кәсіпкерлікті дамыту бойынша са­палы өнім өндірушілерге қолдау көрсету ая­сында нәтижелі жұмыстар атқарылып жат­қаны жасырын емес. Соның ішінде отан­дық ауылшаруашылық өнімдеріне қол­дау көрсетіп, оған барша жұрт мүдделі болуда. «Халқымыз да қажеттілік ішінде та­ғамды жоғары бағалап, қадірлей білген. Қай заманда қалай аталғанына қара­мас­тан, оны әзірлеудің ретін тауып, қысы-жа­зы құнары мен нәрін жоғалтпайтын әдіс-тәсілдерін жетік білді. Қазіргі уақытта ата­кәсіпті қолға алғандар баршылық. Олар­ды қолдау аясын кеңейте отырып, ұлт­тық бренд қалыптастыруды қолға алу қажет. Мұны ұсақ-түйек дүние деп қарас­ты­руға болмайды. Себебі әлем елдері бұ­ған айрықша мән беруде. Бабадан балаға ми­рас болып келе жатқан ұлттық сусы­ны­мыз­ды дайындау үшін неміс елінен рұқсат сұрағанымыз жараспас. Ұлттық асымыз – ет тағамы үшін басқа елдердің патент алғысы келетінін бұған дейін естіген едік. Ға­ламтордағы кейбір ақпарат құрал­дарына сүйенсек, Гиннесстің рекордтар кіта­бына енген қазыны кейбір көршілеріміз ұлт­тық тағамы ретінде тіркемек ойлары бар екенін байқадық» деп дабыл қаққан депутатты фракциядағы әріптестері қол­дап, сауал үшбу хатпен Үкіметке жол тарт­ты.
Енді Серік Нығметұлының қарауына кеткен депутат сауалы қолдау тапса, әлі күнге патенттелмеген құндылықтарымыз ұлық­талуы тиіс. Сонымен қатар сүр ет, қы­мыз-шұбат, жал-жая, құрт, ірімшік, өрік-ме­йізге қатысты кез келген жекеменшік не­месе заңды тұлғаларға айрықша құқық беру, тіпті мемлекетке меншіктеп беруді қолға алуды жеделдету керектігі Тұртаев­тың сауалына түрткі болды. Депутаттың сөзінше, бүгінгі экономикалық-инте­гра­ция­лық нарық талабында ұлттық бренд қа­лыптастыру Дүниежүзілік сауда ұйы­мына кіру жолында ауыл шаруашылығына нақ­ты қолдау болып табылмақ. Ет-сүт тағамдарынан бөлек, жеміс-жидек өнім­де­рін сату нарығын жолға қоюда Үкімет септігін тигізсе, ауыл шаруашылығының өр­кендеуіне молынан үлес қосарымыз анық. Бұл мәселенің үлкен экономикалық тиім­ділі бар. Себебі ұлттық брендті пай­да­ланбай ұлттық кәсіпкерлеріміз дами ал­май­ды. «Сол үшін қазірден бастап ұлттық экономика брендін қалыптастыру үшін жа­ңа бағдарлама қажет», – дейді А.Тұр­таев.
Өткен аптада «нұротандық» депутат Ер­ген Дошаев Үкіметке «жетімдерді жебейік» деген дат айтса, араға апта салып ком­мунист Жамбыл Ахметбеков осы жайтқа алаңдаушылық білдірді. Білім және ғылым министрлігінің тізгінін жақында ғана қолға алған Аслан Сәрінжіповке бағыт­талған бұл сауалдың салмағы да ауыр. Коммунист депутат «шетел асқан бала­лардың тағдыры туралы толық ақпаратты жұрт болып біліп отырсақ» дейді. Олай деуге ғаламторды дүр сіл­кіндірген «жетім балаларды сату мен айыр­бастау» туралы жұрттың жағасын ұстат­қан жарнама себеп болса керек. Ал бұл жарнамада тас жетім болған өз қара­көз­деріміз барын естен шығар­мағанымыз жөн. Тағдыр тәлкегін тартқан балалардың саудаға түсуіне депутат осылай алаңдау­шы­лық білдірген болатын. Сондай сорақы сайттар бұғауланып, құрылтайшылары жауапқа тартылғанымен, шетел асқан балалардың ендігі тағдыры не болмақ?
«Мемлекет бақылауынан тыс қалған жетімдердің бөтен елдегі жағдайын біліп отырсақ» дегенді айтқан Жамбыл Әужан­ұлы «ол жаққа барғандардың бәрі бірдей бақытты ғұмыр кешпейді» деп мұң шақты. «Шетелдік отбасы асырап алған балаларды қорғау үшін Қазақстан заңнамасы толық жеткілікті ме?» деген сұраққа жауап іздеген коммунистер шетел асқан балалардың денсаулығы, отбасы, өмір сүру деңгейі тура­лы деректер айтыла бермейтінін, соның ішінде Қазақстанға қайта оралған­дары жайлы мүлде ақпарат жоқтығына наразылық білдірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста