Патшайымға ескерткіш қойылды

Патшайымға ескерткіш қойылды

Еліміздің экономикасына қан жүгіртіп тұрған күретамырдың бірі – Қазақстанның қазба байлықтары. Жер қойнауындағы қазынаның мемлекет пен халықтың игілігіне қызмет етуі – Қаныш Сәтбаев сынды ғұламалардың табиғи таланты мен табанды еңбегінің жемісі мен жеңісі. Ел игілігі үшін аянбай еңбек еткен сонадайдан көзге шалынар сондай сом тұлғаның бірі – Патшайым Тәжібайқызы Тәжібаева.
Ол Қазақстанда ғана емес, Орта Азия әйелдері арасынан оқ бойы оза шығып, геология ғылымының тұңғыш докторы, Ұлттық Ғылым академиясының коррес­пондент-мүшесі болған, АҚШ, Жапония, Канада сынды алыс шетелдер ғылым ассо­циацияларының мүшесі дәрежесіне көтерілген, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баянда­малар жасап, ғылыми еңбектер жазған әлемге әйгілі ғалым еді. Қазақстандағы литология ғылымының негізін қалаған да – Патшайым. Ғалымдығына қоса Жоғарғы Кеңестің депутаты, Жоғарғы Кеңес төраға­сының орынбасары болған, мемлекет және қоғам қайраткері биігіне көтерілген көрнекті тұлғаның есімін есте мәңгілік қалдыру бағытында біраз игілікті істер жүзеге асты. Алматы, Шымкент қалаларындағы, Оңтүс­тіктегі Қазығұрт ауданындағы үлкен көшелер, екі бірдей мектеп Патшайым Тәжібаева есімімен аталады. Осындай игілікті істердің жарқын жалғасындай болып Патшайымға оңтүстікте ескерткіш қойылды. Қазығұрт ауданындағы П.Тәжібаева атындағы орта мектептің ауласына қойылған ескерткіш-мүсіннің ашылуына орай өткен салтанатты жиында аудан әкімі Тұманбек Әлиев, осы салтанатты жиынға Алматыдан арнайы келген жазушы, М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов, Патшайымның қызы, профессор Құралай Аққошқарова, ғалым атын енші­леген мектептің директоры Жидебай Жолаев, кәсіпкер Балтабай Құрманбаев, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі Құдірет Қыстаубаев және басқалар осыдан жиырма жыл бұрын өмірден озған Патшайым Тәжібаеваның ғылымға қосқан аса үлкен үлесі жайлы тағылымды сөз сөйледі. Ескерткіш лентасын Т.Әлиев, С.Досанов, Б.Құрманбаев қиды. Ғалымды еске алу аясында өткен П.Тәжібаева атындағы география пәнінен аудандық олимпиада жеңімпаздарына диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жерлестері ғалым аруағына арнап ас берді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста